6.1. ЖОҒАРЫ ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
6.1.1. ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫ ИНФЕКЦИЯЛАР
1 жасқа дейінгі балалардың көбі жыл сайын
жедел респиарторлы аурулармен
(ЖРА) 2-6 рет ауырады. Өсе келе ЖРА ауыру жиілігі азаяды.
Этиологиясы.
ЖРА
-ның этиологиялық афторлары өте көп болып келеді. Олардың
ішінде ең көп кезедесетін парагипптің І-ІІІ типтері, РС-вирус, аденовирустарының І-ІІІ,
V, VII типтері,
грипп вирустары, риновирустар, микоплазмалар болып есептеледі.
Вирусты ЖРА-дың көбі экзогенді инфекциялану нәтижесінде дамиды, бірақ кейде
организмнің ішінде де персистиция байқалуы мүмкін. Мысалы, тоңғанда байқалады.
ЖРА-дың бактериялық қоздырғыштарының негізгілері болып жоғыры тыныс жолдарында
байқалатын шартты-патогенді пневмотропты микроорганизмдер есептеледі. Жоғары
тыныс жолдарын жиі зақымдайтындарға келесілер жатады:
Streptococcus pnemoniae
(пневмококк), Streptococcus pyogenes (А тобының β-гемолитикалық стрептококктары),
Haemophilus influenzae (гемофильді тяқша). Staphylococcus aureus және Moraxella
catarrahlis, жақында антибиотиктермен
емделген науқастар болмаса, ЖРА сиректеу
шақырады. Mycoplasma pneumoniae және Chlamidia pneumoniae
сияқты жасушаішілік
микробтар ЖРА-ның этиологиясы ретінде маңызды орын алады. ЖРА-мен жиі арудың
жыл мерзіміне байланыстылығы (салқын кездерде), адамдардың бір жерге көп жиналуына
және бөлмелерді желдетудің
нашарлауына байланысты, байқалады. Сонымен қатар.
салқынның әсерінен мұрын клегей қабатының тамырлары тарылып, қызуы төмендейді де
организмге вирустар мен бактериялардың енуіне бейімдейді. ЖРА балалар мекемелерінде
ерекше жиі байқалады. Балалар ауруханаларында науқастарыдың бір-бірінен жұғуы 40-
80% дейін жетеді.
ЖРА негізінен, түшкіргенде, ауа- тамшы жолымен беріледі. Жөтел арқылы төменгі
тыныс жолдары инфекциясы беріледі. Инфекцияның басқа жұғыу жолдарына ластанған
тері арқылы (кішкене балаларды үйде қарағанда, балалар және медициналық мекемелерде
маңызы жоғары болып келеді) қоздырғыштардың берілуі болып келеді. Сондықтан,
баланы күтетін адамдар санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: