6.1.1.2. Жедел фарингит.
Әдетте, ринитпен қосарланады да, әдеттегі тембрлі
жабысқақ жөтелмен, тамағының қышуымен, аранының жайылған гиперемиясымен
(бадамша бездер гиперемиясы, таңдай доғашығының, тілшенің), жұтқыншақтың артқы
қабырғасының түйіршіктенуімен сипатталады. Бадамша бездерде болбыр жабынды пайда
болуы мүмкін. Жөтелгенде, жылығанда, ауаның қызуы өзгергенде, жөтел күшее түседі.
Көкжөтелмен ажырата білу керек.
6.1.1.3. Жедел тонзиллит (баспа).
Жоғарыда берілген вирустық қоздырғыштардан
басқа
жедел тонзиллитті жиі короновирустар, Эпстайн-Барр, Коксаки вирустары, сонымен
қатар, А тобының β-гемолитикалық стрептококктары, анаэробтар шақырады. β-
гемолитикалық стрептококк жиі 5 жастан асқан балалардың баспасының қоздырғышы
болып келеді. Вирусты фарингиттер мен тонзиллитерге қарағанда, стрептококкты
тонзиллитке басталуының жеделдігі, дене қызуының көтерілуі, басының ауруы,
артралгиялар, миалгиялар, жұтынғанда арыта түсетін тамағынының ауруы, бадамша
бездерінде жамылғының болуы, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, лейкоформулада
солға ығысу байқалатын лейкоцитоз, ЭТЖ-нің жоғарлауы тән болып келеді.
Стрептококктық тонзиллитте келесідей асқынулар байқалуы мүмкін: мойын
лимфодениті, паратонзиллярлі абцесс, гломерулонефрит, ревматизм. Жәншауден, күлден,
инфекциялық мононуклеоздан ажырата білу қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |