тыныс алу қиындауы білінеді. Кейде науқаста құсу, коллапс, анафлактикалық шок дамиды.
Тағамдық аллергияда периоральді не перианальді дерматит дамуы мүмкін.
Ауруларда
дермографизмнің ерекше түрі – жылдам, тұрақты папулезді реакция байқалады, тері түсі
гистамин енгізгеннен соңғы әсерге ұқсайды.
Есекжем жиі жәндіктер шаққанда,
өсімдіктермен қатынас болғанда, физика-лық фактор әсерінен (қысымнан баяу есекжем,
күндік есекжем, жайылған
және шектелген жылулық есекжем, салқындық есекжем),
неврогендік себептер әсерінен туындайды.
Ангионевротикалық ісінуде дененің кез келген жерінде, жиі ерін айналасында, тілде,
аяқ-қолда, жыныс мүшелерінде айқын жиекті ісіктер байқалады. Ісік көшуі мүмкін.
Жалпы симптомдары: қызба, қозу, артралгия, коллапс.
Егер бөртпе 6 апта сақталса, онда созылмалы есекжем дамиды. Мұндай ағым көбіне
иммундық емес есекжемге, жүйелік аурулар кезіндегі есекжемге тән.
Достарыңызбен бөлісу: