туралы емхананың даму тарихы мен стационардағы ауру тарихының бірінші бетіне қызыл
қаламмен жазып қою керек.
Ата- аналар мен жасы үлкен балалар дәріге аллергиясы барын білу керек.
8.6. ЖӘНДІКТЕРГЕ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ
Жәндіктерге аллергиялық реакцияның негізгі түрлері
:
жәндіктер шаққанда терілік реакциялар;
жүйелі анафилактикалық реакция;
жәндіктер бөлетін заттарға респираторлы аллергиялық реакциялар
Бірнеше секунд немесе минуттан соң дамып,
бірнеше сағаттарға, күндерге созыла-
тын жедел типті реакцияны және шаққаннан кейін 1- 2 күннен соң дамитын баяу
аллерги-
ялық реакцияны ажыратады. Токсикалық әсерлер көп жәндіктер шаққаннан кейін дамиды.
Этиологиясы.
Аллергия тудыратын жәндіктер жарғақ қанаттылар.
Ара мен сона
шаққанда жүйелі ауыр әсер береді. Маса шаққанда айқын аллергия дамымайды, себебі
олар у емес жергілікті реакция туғызатын сілекей бездерінің секретін бөледі.
Патогенезі.
Жәндіктер шаққанда ерекше әсер IgE
және IgG-дің реагиндеріне
байланысты болады. Удың құрамындағы негізгі аллергендер А
2
фосфолипаза, гиалурони-
даза, мелиттин, қышқылды фосфатазаның белсенділігімен жоғары молекулярлы фракция-
сы және С аллерген. Сонымен қатар, жәндіктер уы мен сілекейінде гистамин, ацетилхо-
лин, кининдер, басқа да биогенді аминдер мен олардың либераторлы, ферменттері бар.
Бұл жағдайда аллергиялық емес жоғары сезімталдық жоғары орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: