Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет820/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
Жиі көрінетін белгілері:

жалпы аллергиялық реакция (анафилактикалық шок, көп түрлі экссудативті эритема,
буллезді эпидермолиз, эридермальді некролиз);

әртүрлі терілік зақымдалулар (есекжем, контактілі дерматит, фиксирленген экзема
және т.б.);

ауыз, тіл, көз, ерін кілегей қабаттарының зақымдалуы (стоматит, гингивит, глоссит,
хейлит);

асқорыту жолының патологиясы (гастрит, гастроэнтерит).
Сирек ДА гаптенді грануллоцитопения және тромбоцитопения, геморрагиялық
анемия, респираторлы аллергоздар (БД ұстамасы, дауыс байламы (дауыс желбезегі)
астылық ларингит, эозинофильді өкпелік инфильтрат, аллергиялық альвеолит) түрінде
көрінеді. Кейде ДА миокардит, нефропатия, жүйелі васкулит, түйінді периартерит және
жүйелі қызыл жегі себебі болуы мүмкін. Көптүрлі экссудативті эритема

әртүрлі
формадағы эритематозды дақты папуллезді тері бөртпелері. Стивенс-Джонсон синдромы,
көпформалы экссудативті эритеманың ауыр ағымды, кейде фатальді варианты болып
500


табылады. Көпформалы экссудативті эритема жеңіл, қайтымды тері бөртпелермен (сақина
тәрізді, сұр гепиремияланған жиекті, ортасында везикулезді «кокарда тәрізді» дақ)
білінеді, кейде кілегей қабаттардың везикулезді және буллезді зақымдануына, конъюктива,
бауыр, бүйрек, өкпе зақымдануына дейін өршуі мүмкін. 
Ауыр ағымында (Стивенс-Джонсон синдромы) жедел басталып, қызбамен жүреді,
бірнеше күннен екі, үш аптаға созылады. Тамақта ауырсыну, кілегей қабаттарда гипере-
мия мен ауырсыну, конъюктивит, гиперсаливация, буындарында ауырсыну байқалады.
Алғашқы сағаттардан бастап тері мен кілегей қабаттардың үдемелі зақымдалуы пайда бо-
лады: мойнында, төсінде, бетінде, аяқ-қолында (алақан, табанда да) ауырсынатын қызыл
қошқыл дақтар, папулалар, везикулалар, көпіршіктер байқалады. Бөртпелер қосылуға
бейім болады, бірақ серозды қан аралас сұйықтығы бар үлкен көпіршіктер сирек кезде-
седі. Көптеген ауруларда кілегей қабаттың зақымдалуы (стоматит, фарингит, ларингит,
трахеит, кератитпен конъюктивит, қыз балаларда – вагинит) болады. Жиі екіншілік
инфекция және пиодермия, пневмония дамиды. Бүйрек пен жүрек сирек зақымдалады.
Көпформалы эритеманың айқындылығының соңғы дәрежесі – Лайелл синдромы
(токсикалық эпидермальды некролиз). Бұл аурулардың этиологиясы жиі дәрілік аллергия,
сирек – вирусты инфекция, инфекциялық процесске (стафилококкты инфекция), қан,
плазма құюға аллергиялық жауап. Даму механизмі аллергиялық реакцияның Артюс типі
бойынша жүреді – теріде лизосомальды ферменттердің иммунды және иммунды емес
жолмен көп мөлшерде босап шығуы. Тұқым қуалаушылық бейімділіктің атқарар ролі
жоғары. Аллергиялық және аутоаллергиялық реакциялар тромбоваскулит, тромбокапил-
лярит дамуына әкеледі. 
Лайелл синдромы кезіде ірі, жалпақ, болбыр көпіршіктер (буллезді сатысы), геморра-
гиялар пайда болады. Киім қажайтын жерлерде көпіршіктер болмаса да, терінің беттері
сылынып түсіп қалады. Никольский симптомы оң болады. Ал, кілегей қабаттарды
гиперемия мен ауырсыну, конъюктивит, айқын эпидермолиз нәтижесінде бала қарағанда ІІ
дәрежелі күйігі бар науқастарға ұқсайды. Сонымен қатар, кілегей қабатта зақымдалуы
мүмкін. Аурудың ағымы өте ауыр. Стивенс-Джонсон синдромымен салыстырғанда, токси-
коз жедел көрінеді, жиі миокардит, нефрит, гепатит дамиды. Инфекциялық зақымдалу
(пневмония, терінің екіншілік инфициялануы) тән, гиперергиялық сепсис дамиды. Ағымы
қолайлы болғанда аурудың екінші-үшінші аптасында жағдайы жақсарады, үш-төрт
аптадан соң эрозиялар эпителизацияланады, бірақ орындарында пигментация қалады. 
Емі.
ДА күдік туындаған бойда баланың қабылдап жүрген дәрілерін беруді
тоқтатады. Жедел реакция болғанда асқазанды жуады, тұзды әлсіреткіштер, энтеро-
сорбенттер (белсендірілген көмір, полифепан), антигистаминді препараттар қолданады. 
Көпформалы экссудативті эритемада науқасты ауруханаға жатқызып, төсек режимін
сақтайды, сұйықтықты көп ішкізеді. 
Стивенс-Джонсон синдромында глюкокортикоидтар (1-2мг/кг/тәулігіне преднизо-
лон), инфузионды ем – 5% глюкоза ерітіндісін изотоникалық натрий хлорид ерітіндісімен
қосып тағайындайды. Толық парентеральді қоректендіруге ауыстырылып, 1мл құятын
ерітіндіге 1 ХБ гепарин қосады. Ерте жүргізілген гемосорбция жақсы нәтиже береді.
Бактериальды инфекция қосылғанда, антибиотик тағайындайды.
Лайелл синдромында науқасты қарқынды терапиямен реанимация бөліміне
жатқызады. «Температуралық қорғау» режимін сақтайды. Преднизолонды тәулігіне 5-10
мг/кг-нан кем емес дозада парентеральді тағайындайды, инфузиялық терапия, көк тамырға
тамшылатып 1 ХБ гепарин, кең әсерлі антибиотиктер, зәр айдайтын дәрілер, жүрек
гликозидтерін, симптомдары бойынша басқа да препараттар қолданылады. Гемосорбция
жасау керек. Міндетті түрде стерильді төсек қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет