Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет823/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Алдын- алу.
 
Аллергиясы бар адамдарға сақтану ережесі:

жазды күндері далаға денені барынша жауып тұратын, ашық түсті киімдер киіп шығу;

жәндіктер пайда болғанда күрт қимылдар жасамау;

бас киім киіп жүру;

орманда, далалық жерде, шалғында тамақ жегенде абай болу;

прополис бар препараттарды қолданбау;
Ата-аналары жәндік шаққанда дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу керек.
8.7. АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК
Анафилактикалық шок
(дұрысы – 
коллапс)
– 
гемодинамиканың декомпенсаци-
ялы бұзылысымен байқалатын жедел, жүйелі аллергиялық реакция, І аллергиялық
реакция типіне негізделген
(IgE реагиндері мен IgG). Ол аллергиялық реакцияның ауыр
формасы және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдай. АШ жайлы алғашқы
502


деректер б.э. дейінгі 2641 жылдан белгілі: деректерге қарағанда Египеттік Мензес фараон
сона шаққаннан өлген. 
Анафилактикалық шок анафилактикалық реакциядан еш айырмашылығы жоқ –
аллергиялық емес жоғары сезімталдық, сыртқы орта себептерінен туындаса да
патогенетикалық антиген-антидене әсерімен байланысты емес.
Этиологиясы.
Антиген ағзаға кез келген жолмен түсуі мүмкін:

дәрілер еккенде парентеральды – жиі пенициллин (6 миллион егуге 1 рет), В

витамині,
полипептидтер гормондар (АКТГ, ТТГ, инсулин), новокаин, лизоцим және т.б,
сіреспеге қарсы сарысулар, профилактикалық егулер;

оральді – тағам аллергендері (жиі жаңғақтар, крабтар), консерванттар
(метилбисульфат, глутамат, аспартат және т.б), сапасы нашар жасанды майлар;

ингаляциялық жолмен;

жергілікті – жыландар және жәндіктер шаққанда;
Қайталамалы ем курстары және ем арасындағы ұзақ интервалдар анафилаксия даму
мүмкіндігін жоғарылатады. 
АШ тағамдық элиминациядан соң провокациялық сынама жасаған кезде, экзогенді
аллергендермен терілік сынама жасағаннан соң, АСИТ жасаған соң туындауы мүмкін. 
Латекске анафилаксия (каучук ағашының қалдық ақуыздарына сенсибилизация)
балада зәр шығару жолдарының ауруларын емдеуде катетер қолданғанда дамиды. 
Анафилактоидты реакция күрт салқындауда, үлкен физикалық жүктемеден кейін,
йодты рентген контрасты заттардың, декстран, ванкомицин, В
1
витамині, каптоприл,
ацетилсалицил қышқылының әсерінен дамиды. Соңғы жылдарда идиопатикалық
анафилаксия жиі тіркелуде.
Патогенезі.
ББЗ (тек гистамин ғана емес простогландиндер мен лейкотриендерден
синтезделген) массивті бөлінуімен жүретін жедел типті аллергиялық реакция нәтижесі
микроциркуляцияның бұзылысы, жүйелі қан қысымының төмендеуі, қанның портальды
жүйеде жиналуы, бронхоспазм, көмей, өкпе, ми ісінуі болады. Кез келген шок
кезіндегідей, заңды түрде тамыр ішінде шашырап ұю ( ТІШҰ) синдромы дамиды.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдық базофилдер мен семіз жасушалардың С
З
а
және С
5
а анафилотоксиндері әсерінен белсенуіне байланысты реагиндердің қатысуынсыз
жүреді, сондай-ақ ол аллергия медиаторларының босап шығуына және жедел тамырлық
коллапстың клиникалық көріністерінің дамуына әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   819   820   821   822   823   824   825   826   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет