Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет824/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
АШ ауырлығы, әдетте, аллергенмен қатынас уақытына кері
пропорциональды, яғни аллергенмен қатынастан кейінгі клиникалық көрінісі байқалу
мерзімі неғұрлым аз болса, соғұрлым АШ ағымы ауыр болады. 
Аллерген парентеральды түскеннен соң, бірнеше секунд немесе минут қысқа
мерзімді алғашқы белгілерден кейін (әлсіздік, қорқу сезімі, мазасыздық және т.б.) тері
гиперемиясы, қышынуы, іште ауырсыну пайда болады. Уртикарлы бөртпе мен
ангионевротикалық ісік дамуы тән. Тыныс алу жүйесінің симптомдары көмей ісінуінен
басталып, бронх обструкциясы мен асфиксияға дейін жетуі мүмкін. Ауру «босап», есінен
танады, аққан тер шығып, терісі бозарып, аузынан көбік көрініп, зәрі мен үлкен дәрет
ұстай алмай, құрысу, кома дамиды. Науқасты тек қарқынды, белсенді ем ғана құтқара
алады. Бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. 
Аллергенді жұтқаннан соң шоктың клиникалық белгілері біршама уақыттан соң
дамиды, ол тамақтың қорытылып, аллергеннің асқазан ішек жолына сіңуіне байланысты.
Кей науқастарда АШ басқаннан кейін кешіккен әсер түрінде анафилаксияның қайталануы
мүмкін. 
Физикалық жүктемеден болған анафилаксиялық реакция шамадан тыс бұлшықет
қажуынан кейін теріде уртикарлы бөртпелер мен ангоневротикалық ісік түрінде көрініп,
лоқсу, құсу, іште толғақ тәрізді ауырсыну, диарея, ауыр ағымында – көмей ісігі,
бронхоспазм, коллапспен өтеді. Реакция физикалық жүктемеден соң бірден дамуы мүмкін.
Толық механизмі анықталмаған. Жоғары физикалық жүктемеде эндогенді опиодты
503


пептидтердің босап шығуы сезімтал адамдарда анафилаксия медиаторларының көбеюуі
мен сарысулық лактаттың, креатинфосфокиназа артуына әкеледі деген пікір бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет