Бар елде ғана қалана


Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті



бет40/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Кредиторлық берешек — кәсiпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға мiндетгемелерi (берешегi).
Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлiнедi.
Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсiпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ак есеп айырысудың iс жүзiндегi формаларымен байланыстыларын санаған жөн.
Бұларға төлеу мерзiмi келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдерi өтiп кеткен берешек және т.б.
Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша — қаржы органдарына, еңбектi өтеу бойынша — кәсiпорын қызметкерлерiне, мерзiмiнде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша — жабдықтаушыларға және т.б мерзiмi өткен берешектер саналады.
Кредиторлық берешектi тексерудiң басты мiндеттерi мыналар:
1) Төлем тәртiбiн сақтауды тексеру.
2) Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтiң және басқа құндық көрсеткiштердiң негiздлiгiн тексеру.
3) Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру.
4) Есептеулердi реттеу мен кредиторлық берешектi азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Несиеорлармен есеп айырысу жағдайын бақылаудың ұйымдастыру келiсiм-шарттық және есептiк тәртiптiң нығаюына
тапсырылған ассортиментте және төлемдiк тәртiптi сақтау үшiн
жауапкершiлiктi арттыру сапасымен өнiмдi жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға, кредиторлық берешектi қысқартуға
және соған орай шаруашылық жүргiзуші субьектiнiң қаржылық жағдайын жаксартуға мүмкiндiк бередi.
Кредиторлық берешектiң есептi кезеңнiң басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтары мен сипатталады:
1. Төленуге тиiстi шоттар мен вексельдер.
2. Алынған аванстар
3. Салқтар бойынша берешек
4. Төленуге тиiстi дивиденттер.
5. Негiзгi компания мен еншiлес ұйымдар арасындағы топ iшiндегi операциялар бойынша берешек (берешек).
6. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарына берешек.
7. Басқадай кредиторлық берешек.
«Төленуге тиiстi шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын 3310 «Төленетiн шоттар» шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшiн жабдықтаушалармен және мердiгерлермен есеп айырысу жөнiндегi ақпаратты жинақтап корытуға арналған:
а) алынған қорлар мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;
ә) алынған қорлар, айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары әлi түспеген (фактураланбаған жеткiзiлiмдер) жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
б) қабылдау кезiнде табылған қорлар артығы мен айналымынан тыс активтер;
в) тасымалдау мен т.с.с бойынша алынған қызметтер
(12.1.-кесте).
Бұл шот бойынша есептеулердi мынадай екi бағыт бойынша
жүргiзу кажет.
1. Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
2. Жабдықтаушылардан алынған қорлар кiрiске алудың толықтығын талдау.
Аудитор жабдықтаушылармен және мердiгерлермен есеп айырысуды тексеру багғдарламасын жасағанда, iшкi бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын iшкi аудит жумысына да жургiзiлген жұмысқа каншалықты сүйенетiндiгiн айқындауы тиiс.
Қалдықгардың жыл басы мен соңындағы «Басқадай кредиторлық берешек» баланстық бабы бойынша анық сенiмдiлiгiн анықтауға баса назар аударған жөн. Сонымен бiрге оларды Бас кiтапта көрсетiлген «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу», «Жалгерлiк мiндетгемелерi», «Төленiлетiн сыйақы», «Басқа да кредиторлық берешек пен есеп айырысу» 3390 «Басқалар» шоттары бойынша жиынтық қалдықтармен, сондай-ақ 9 журнал-ордердiң кредиттерi бойынша мәлiметтермен салыстыру қажет.

Кесте-11. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет