Бөлiнбеген табыс (жабылмаған залал) аудитi
Аудит жүргiзу барысында ең алдымен бухгалтерлiк баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кiтаптың «Есептi жылдың бөлiнбеген табысы (жабылмаган залалы» және «Өткен жылдардың бөлiнбеген табысы (жабылмаған залалы» шоттары арқылы және бул шоттардың несие бойынша айналымдары көрсетiлетiн 13 журнал-ордер мәлiметтерiмен салыстыру кажет.
Сосын бұл шоттардағы шаруашылык операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептiк кезең iшiндегi табыстың (залалдың) жиынтық сомасы шоттардың бiрыңғай жоспарына сәйкес «Жиынтық табыс (залал)» шотында белгiленедi.
Корреспонденцияда бұл шоттың несиеi бойынша «Табыстар» бөлiмiнің шотымен алынған табыстың жиынық сомасы, ал дебет бойынша «Шыгындар» бөлiмiнiң шотымен алынган шығындардың жиынтық сомасы көрсетiледi.
«Жиынтық табыс залал» шоты бойынша дебет несие айналымдарын салыстыру аркылы «Есептi жылдың бөлiнбеген табысы (жабылмаған залалы)» шотына көшірiлетiн таза пайданың (залалдың) сомасы анықталады.
Егер есептi кезеңде пайда алынса, онда «Жиынтық табыс залал» шоты дебеттеледi және «Есептi жылдың бөлiнбеген табысы (жабылмаган залалы)» шоты несиетеледi, ал зиян шексе, онда керiсiнше бухгалтерлiк жазу түседi.
Жоғарыда атап өтiлгендей, заңнамалар мен кұрылтайшы кұжаттарға сәйкес жасалатын резервтiк капиталға аударымдар есептi жылдың бөлiнбеген табысы есебiнен атқарылады. Есептегi жылдың залалын жабуға бағытталган резервтiк капитал қаржысы сомасына «Резервтiк Капитал» шоттары дебеттеледi және «Есептiк жылдың бөлiнбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледi.
Есептi жылдың бөлiнбеген табысының едәуір белiгi серiктестiкке қатысушыларға дивиденд пен табыс төлеуге кетедi. Тексеру соңында аудитор бөлiнбеген табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткiштiң қарқынын көрiп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшiн, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргiзiледi. Талдау үшiн әр түрлi ақпарат көздерi тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк регистрелер мен соңғы 2-З жыл iшiндегi қаржылық есептiлiк формалары да кiреді
Достарыңызбен бөлісу: |