Аудит процедуралары
|
Ақпарат көздері
|
1
|
2
|
1. Тауарлық-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру
|
Шарттар, шот-фактура, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.
|
2. Тауарлық –материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақыттылығын тексеру
|
Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыларға темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап – қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б
|
1
|
2
|
Алынган кұндыльиқтарды
алудың немесе орын-
жұмыс пен көрсетiлген
кызмет есебiнiң толыктығы уакытылыгын тексеру
|
Қабылдау актiлерi, жүқұжаттар, шот-фактуралар, кiрістiк ордерлер, койма есебi карточкалары. материалдар есебi тiзiмдемесi. 6 журнал-ордер, Бас кiтапты, баланс және т.б.
|
Жабдыктаушылар мен мердiгерлерге берешектiң
сенiмдiлiгiн. шынайылыгын және заңдылығын тексеру
|
шарттар (сатып алу, бiрлескен iс-кызмст туралы, опциондык, фьючерлiк мәмiлелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалықсметалык кұжаттама. орындалган жұмые актiлерi, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кiтап, баланс және т.б.
|
Векселдердi пайдалынып, жабдыктаушылармен ҚҚС
тастап,жабдыктаушылармен және мердiгер-
есеп айырысудың дұрыстыгын текесру
|
Вексель, кірiстiк төлем кұжаттары, 5, 6 журнал-ордерлер, салыктык шот-фактуралар, КХС-га салык жөнiндегi декларация, Бас кiтiп және т.б.
|
Шот корреспонденциялаудын құрудың дурыстыгын тесксеру, аналнтикалык есеп мәлiметтерiнiң синтетикалық
есеп мәлiметтерiне сәйкестiгi
|
Шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, б журнал-ордер, Бас кiтал, баланс, әдiстемелiк ұсынымдар
|
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуларға тексеру
жүргізу бағдарламасын құра отырып, аудитор бұл бағытта ішкі аудиттің жүргізген жұмыстарына қаншалықты сүйенуге болатындығын анықтап алуға, ішкі бақылаудың және есептің жағдайын айқындауға міндетті. Ол үшін мәліметтері бойынша жабдықтаушылармен есеп айырысулар операцияларына және есептің жағдайына ішкі бақылаудың қандай деңгейде екендігін анықтауға болатын процедура – тестілеуді өткізу қажет.
Тауарлы-материалдық құндылықтарды кіріске алу кезінде олардың жабдықтаушының құжатында көрсетілгендерден саны, сапасы бойынша ауытқулары болуы мүмкін. Ондай жағдайда айқындалған жетіспеушілік жөнінде акт жасалынады.
Тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігіне, кәсіпорын жабдықтаушыға шағым-талап қояды. Оған төмендегі құжаттар тіркелуге тиісті:
- тауарлы-материалдық құндылықтармен бірге келген құжаттардыңнемесе материалдық құндылықтардың нақты барын жабдықтаушының құжатында көрсетілген мәліметтермен салыстыру ведомосының көшірмелері;
- тауар келіп түскен станциялардың (порттардың) жүктің салмағын тексергендігі жөніндегі (егер ол орындалған болса) құжат;
- тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі жөнінде жасалынған акт;
- материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінің туындау себептерін куәландыратын басқа да құжаттар (өнімнің ылғалдылығына жасалынған талдау, коммерциялық актілер және т.б.).
Қанағаттандырылмаған шағым-талаптар бойынша жабдықтаушының, темір жол мекемесінің үстінен сот органдарына шағым арыз берілуге тиісті.
Көп жағдайда сот органдары шағым арыздардың уақтылы берілмеуі, тиісті дәлелдеулердің жоқ болуы себебінен ондай арыздарды қанағаттандырудан бас тартады.
Аудитор мерзімі өтіп кеткеннен кейін шағым-талап қою жағдайларының болған-болмағандығын анықтауға тиісті. Шағым-арызға тіркелген құжаттардың көшірмесі негізінде аудитор жабдықтаушыға жасалған шағым-талаптың дәлелді екендігін анықтайды. Жабдықтаушылармен және мердішерлермен есеп айырысулар, көп жағдайда қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүзеге асырылады. Есеп айырысу нысандары келісім-шартпен анықталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарына: төлем тапсырмасы
бойынша, талап-төлем тапсырмасы бойынша, чек бойынша, вексель бойынша есеп айырысулар және тағы басқалар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуларға тексеру жүргізе отырып, аудитор орындалған операциялардың құжаттық негізділігін анықтауға, құжаттардың шын өзі екендігіне және олардың рәсімделуінің дұрыстығына көз жеткізуге, барлық растаушы құжаттардың бар екендігіне көңіл аударуға, ал жекелеген жағдайларда кәсіпорында қарама-қарсы тексеру жүргізуге, қажет болса банктен құжаттардың көшірмелерін сұратуға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |