Ми қыртысының физиологиясы.
Үлкен (соңғы) ми милардың ішіндегі ең үлкені, ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады. Үлкен ми шар тәрізді ми сыңарларынан түзілген. Ми сыңарлардың сыртқы сұр затпен (нейрондармен) қапталған. Сұр зат нейрондардан түзілген- ми қыртысы деп аталады. Ми қыртысы өзінен төмен жатқан барлық ми бөліктерінің қызметін басқарып тұрады. Ми қыртысының құрылысы осы кезге дейін барлық елдердің нейроморфологтары арқылы тексерілуде. Олардың зерттеулеріне қарағанда ми қыртысының әрбір бөлігінің алаңдарында нейрондардың орналасу заңдылықтары әр түрлі, яғни өздеріне тең микроскоптық құрылысы бар екені дәлелденген.
Ми қыртысының цитоархитектоникалық құрылысын орыс ғалымы В.А. Бец 1874 ж ашты және оның жасушаларының әр түрлі екендігін және орналасу бағытын анықтаған. Ми қыртысының қалыңдығы орта есеппен 2-4 мм, нейрондардың саны 14-17 миллиард. Осы қалыңдықтағы нейрондар 6 қабат түзеді:
1-ші қабат-молекулярляқ қабат. Нейрондары әрі майда әрі аз болады.
2-ші қабат- сыртқы түйіршікті (дәнді) қабат. Цитоплазмасында дәншіктер орналасқан, пішіні өте ұсақ пирамида тәрізді.
3-ші қабат-пирамидалық қабат, орта және үлкен пирамида тәрізді нейрондардан түзілген.
4-ші қабат-ішкі түйіршікті қабат (дәнді) жұлдыз тәрізді жүйке жасушаларынан түзіледі.
5-ші қабат-ганглиозды қабат. Бұл үлкен пирамидалық жасушалардан түзіледі, олардың талшықтары көп және жуан болып келеді.
6-шы қабат-полиморфты немесе көп құрылысты қабат. Мидың ақ затына бірігіп жатады.
Ми қыртысындағы әрекеттің шоғырлануы.
Адамның ақылы, санасы, зейіні, ойы, көңілі, қайғысы, қуанышы, құмары, қайраты, еркі секілді адамдық қасиеттері үлкен мидың қыртысының қызметі болып есептеледі. Сондықтанда да үлкен мидың қызметін жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі деп атайды.
Адамның немесе жануардың миындағы қыртысты сылып алса бұлар сырттай қарағанда қалыпты көрінгенмен түкке түсінбейтін, ешкімді танымайтын, қорқу, қайғыру немесе қуануды білмейтін болып қалады. Ондай адамды ақылынан азған адам дейді. Ми қыртысының нейрондары шоғырланғанын атақты физиолог И.П.Павлов және оның жолын қуушылар анықтаған. Ми қыртысы жоғарғы дәрежелі жүйке қызметін бірқалыпты, күрделі іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мидың басқа бөліктері арқылы ағзадағы барлық тіршілікті реттеп және ағза бөліктерінің сыртқы ортамен өзара қатынасын, байланысын басқарып отырады.
Ағзаның сырттан және іштен берілген тітіркендіргіштерді қабылдап, оған орталық жүйке жүйесі арқылы өте нәзік, дәл талдау жасайтын күрделі жүйке жұмыстарын талдама немесе анализатор деп атайды. Талдама қызметін толық атқару үшін оның рецепторлары (сезім ұштары), өткізгіш жолдары және ми қыртысының аймақтары сай болуы қажет. Соңғы кезде ми қыртысында 200-ден аса аймақтар (алаңдар) бар екендігі анықталған:
Достарыңызбен бөлісу: |