Зерде (сознание) Ми іс-әрекетінің ең тарамды құбылыстарының бірі оның қабылданған ақппаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз жүйкенің ақппаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру,сақтау және еске түсіру процестерінен тұрады.
Еске қалдыру кезінде сыртқы және ішкі орта әсерлерінің ми нейрондарында ізжазбасы қалады. Оның ерікті және еріксіз түрлері болады. Біріншісі адам санасы арқылы атқарылады.
Зерде есте сақтау кезінде мәліметті түйсік басталған сәттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап тұрады. Еске сақтау адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне, ниеттеріне байланысты. Еске түсіру сақталған ақпаратты тауып, ойға алу қасиеті. Бұл белсенді және күрделі құбылыс. Осыған орай зерденің күші және деңгейі анықталады. Олар есте қалдырудың қарама-қарсы жағы мәліметтерді ұмытуды қалыптастырады. Адам зердесінің барлық түрлері қисынды – мағыналық және сезімді-бейнелік болып 2-ге бөлінеді.
Бұлардың 1-ші ұғымдарға, 2-ші елестетуге сүйеніп іс жүргізіеді. Адам үшін зерденің қисынды- мағыналық және сезімді-бейнелік ьолып есептеледі.
Сезімді бейнелік зерде:көру, есту, дәм, иіс сезу, қозғалыс зерделері болып сақталады. Есте сақтау сипатына қарай феотиптік зерденің бейнелік, эмоциялық және шартты рефлекстік түрлерін ажыратады. Бейнелік зерде яғни жүйке жүйесінде адам ұнамды немесе зиянды тітіркендіргіштердің бейнесін еске сақтауы.
А.С. Бериташвили айтуынша бұл жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті үйренудің негізін қалайды. Эмоциялық зерде организмнің ертеден бастап кешкен эмоциялық күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалау тәжірибесі.
Адамдарда эмоциялық зерде ақиқат және дерексіз түрде кездеседі. Зерденің бірінші түрі сезгіштік күйді еске түсіреді. Дерексіз эмоциялық зерде тек мәнерлі көңіл-күйін сақтайтын парасатты естелік түрінде көрінеді.
Эмоциялық зерденің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың ең маңыздысы- тез қалыптасуы, мазғымас беріктігі және еріксіз еске түсетіндігі. Бұл зерде адам үшін маңызы өте зор, өйткені адамдардың өзара қатынасы осыған байланысты болады.
Фрейдтің зерттеуі бойынша адамның есінде ұнамды сезімдермен байланысты оқиғалар тұрақты сақталады. Адам зердесі 20-25 жасқа дейін жақсатып, 40-45 жасқа дейін бір қалыпты сақталады да, кейін біртіндеп әлсірейді.
Зерде ми қыртысының сезгіштік және ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Зерде қоршаған ортадағы оқиғалар байланысын еске сақтап, тіршілік тәжірибесін жинауға және пайдалануға мүмкіндік жасайды. Жүйке жүйесінде зерденің жетіктері аса дамыған, сондықтан олар мінез- құлықта жетекші роль атқарады.