Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері



бет29/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері
Тірі организмде тіндерді “қозғыш”,“қозбайтын” деп екі топқа бөлуге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездер, ал қозбайтын тіндер қатарына дәнекер тін, шеміршек, терінің бет-кей тіндер эпителийлері жатады. Қозғыш тін тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады, яғни тін тыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның қозғыштық қасиетіболып саналады. Қозғыштық қозатын тіндердің физиологиялық қасиеті қозу үрдісін өткізу. Ет тіндері үшін үшінші қасиет – жиырылу, ал без тіндері қозу салдарынан сөл бөледі. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтьф тұрады.
Қозу мен қозғыштық
Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Ол өте күрделі құбылыс. Ол көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Тін қозғанда, оның физиологиялық қасиеті – қозғыштығы өзгереді, жасушалардың мембраналық шамасы әрекет потенциалына айналады. Әрекет потенциалы қозудың ең көрнекті белгісі, яғни қозу үрдісінің туғанын әрекетпотенциалының пайда болуына білуге болады. Тін қозған сәтте заттар алмасуы әдеттегіден әлде қандай күшейеді. Осыған орай жылу шығару деңгейі артады, қимыл әрекеттері туады. Мысалы: ет тіні қозу салдарынан ширығып жиырылады. Сондай-ақ қоған жасушаның протоплазмасы золь қалпынан гельге айналады, оның тұтқырлығы өседі, миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин протофибрилдерінің арасынан өтіп, ет талшықтары қысқарады, оның көлденең жолақтығы жоғалады. Қозған тін өзіне тән қызметін атқара бастайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады. Сонымен қозатын тіннің тітіркендіруге жауап беру қабілеті-қозғыштық, ал оның жауабы қозу үрдісі.
Қозатын тіндердің қозғыштығы бірдей емес. Жүйке басқа тіндерге қарағандақозғыш келеді. Қозғыштық қасиетін салыстырса, қаңқа етінің жүрек етіне қарағанда қозғыштығы жоғарырақ, ал біріңғай салалы бұлшықеттің қозғыштығы олардан төмен болады. Тіннің қозғыштығы қозу үрдісі кезінде, не қажығанда өзгереді.
Тіннің қозғыштық дәрежесі тітіркену арқылы анықталады. Физиологияда қолданылатын тітіркендіргіштер адевакатты (барабар) және адевакатсыз (инадекватты немесе бейбарабар) – болып екі топқа бөлінеді. Барабар тітіркендіргіштерді қабылдайтын организмде арнайы қабылдағыштар болады. Бейбарабар тітіркендіргіштерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштар болмайды. Мысалы, көздің торлы қабығындағы көру қабылдағыштары сәулені қабылдайды, яғни сәуленің әсерінен қозады, оның нәтижесінен жарық сезу түйсігі пайда болады. Көру қабылдағыштары үшін сәуле адекватты тітіркендіргіш. Бұл қабылдағыштар бейбарабар тітіркендіргіштерге де қозады. Бірақ одан пада болған қозу үрдісі тұрпайы келеді, ал сезімнің сапасы төмен болады. Адекватты әсерлерге арнайы қабылдағыштар қозғыш болады.
Тітіркендіргіштер өзінің табиғатына байланысты механикалық, химиялық, температуралық, электрлік болып та бөлінеді. Физиологиялық тәжірбиелер көбінесе электрлік тітіркендіргіштер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет