Қозғыштықтың кезеңдері Тіннің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Алдымен қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп әдттегі қалпына келеді де, жоғарылап барып, қайта төмендеп, қозу үрдісі аяқталарда бұрыеғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді.
Қозу үрдісі басталысымекн тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең (нағыз қасарысу) деп аталады.
Абсолюттік рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса,ет талшықтарында 4-5 мс, ал ет-жүйке байланысында (түйіспеде) 8-10 мс. Қозғыш құрылымның обсолюттік рефрактерлік КОЗСЦІ қысқа болады. Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді. Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі (қозбай тұрғандағы) қаопынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік (шамалы қасарысу) кезең деп аталады.
Бұз кезеңде тітіркендірудің өз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жауап әсерлінісі туу үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс. Бұл кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінің осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді. Мұнда тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болса да тін оған жауап бере алады. Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан төмен-дейтін кез субнормалды кезең деп аталады. Сонымен әрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғыштық қасиеті бұлшықеттің аталған кезеңдері бірінен соң бірі қайталанып отырады. Қозғыштықтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады. Қозғыштықт кезеңдерінің ұзақтығы әр тінде әртүрлі.
Қозғыштықтың өлшемдері.Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем (параметр) қолданылады: қозу табалдырығы, әсердің пайдалы уақыты, хронаксия, лабилдік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем- қозу табалдырығы.
Қозу табалдырығы (реобоза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобоза дейді.
Әсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады. Тітіркендіргіш күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж Гооверг (1892) пен М.Вейсс (1901) қисық сызық арқылы көрсетті. Ол “күш пен уақыт” сызығы деп аталады. Көлденең сызықпен (абцисса) уақыты мс есебімен, ал тік сызықпен (ординат) электр тітіркендіргіштің күші-реобоза көрсетіледі. Бір реобозаға тең күш ОА-жұмсап, тінді қоздыру үшін оның әсері ОС мке созылуы қажет. Бұл күштің әсерін одан әрі қарай соза түссе, ОЛ жауапты күшейтпеді, яғни пайдасыз жұмсалады.