Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика


-лабораториялық жұмыс. Тұрғын толқын әдісі арқылы дыбыстың ауада таралу жылдамдығын анықтау



бет69/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021

12-лабораториялық жұмыс. Тұрғын толқын әдісі арқылы дыбыстың ауада таралу жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты – толқын ұзындығын және дыбыстың ауада таралу жылдамдығын анықтау.

Дыбыс жылдамдығын өлшеу үшін төменгі қатынас қолданылады



.

мұндағы - зерттелінетін ауадағы дыбыс тербелісінің жиілігі, халықаралық өлшем бірлігі- Герц. -толқын ұзындығы, оны анықтау үшін тұрғын толқын әдісі қолданылады.

Тұрғын толқын бір-біріне қарсы бағытталған амплиту-далары бірдей екі жазық толқынның беттесуінен пайда болады. Мысалы, ұзындығы түтік алып, түтіктің ішіне ұзын сапқа жалғанған поршень орнатып, түтіктің алдына жиілігі белгілі дыбыс көзін орнатса, дыбыс генераторынан шыққан дыбыс толқыны поршеннен шағылып кері қайтады да, поршень мен генератордың арасындағы тұрғын толқын пайда болады

,

.

Екі толқынның қосындысы



мұндағы - қорытқы толқынның амплитудасы, А уақытқа тәуелді емес. Амплитуда максимум болатын нүктелерді – «шоғыр», ал амплитуда нольге тең нүктелерді – «түйін» деп атайды. Амплитуда максимум нүктелер үшін



.

Кеңістікте шоғырлар орналасқан нүктелерде келесі шарт орындалады



Шоғырлар координаты



Екі жағы жабық құбырдың (құбырдың бір басында – телефон, екіншісінде – микрофон орнатылған) ұзындығы жарты толқынның бүтін санына тең болса, яғни таза резонанстық толқын туындайды. Дыбыс генераторын ток көзімен қосып, поршеньді бірте-бірте түтіктің ішінен сыртқа қарай тартады. Дыбыстың ең күшейген күйін тауып, поршеннің сабының түтіктен шығып тұрған ұзындығы өлшенеді. Поршеньді қозғау нәтижесінде дыбыс n- рет күшейсе, соңғы күшеюге сәйкес поршеннің сабының сыртқа шыққан бөлімі болады



,

.

 анықталғаннан кейін дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы есептеледі



.

Пысықтау сұрақтары



  1. Тұрғын толқын дегеніміз не?

  2. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы қалай анықталады?

  3. Шоғыр мен түйіннің анықтамасын келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3,7,15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет