диффернециациялайды.
Сүтті-тұзды агарды да
тұзды агар негізінде дайындайды. 100 мл
залалсыздандырылған ерітіліп, 45
о
С дейін суытылған тұзды агарға 10 мл
залалсыздандырылған майы алынған жылы сүтті құямыз. Ортаны мұқият
араластырып, табақшаларға құяды.
СТА-дағы стафилококктар колониясының пішіні диаметрі 2-4 мм диск
тәрізді, тегіс жиекті болады, сары, ақ,лимон түстес пигменттелуі мүмкін. Аз
дегенде 5 сипатты колонияны қиғаш ет-пептонды агарға егіп, кейін осы
дақылдармен
плазмокоагуляция
реакциясын жүргізеді (патогенді және
сапрофитті стафилококктардың дифференциациясы үшін.
Плазмокоагуляция реакциясы.
0,5 мл залалсыздандырылған қан
сарысуы бар пробиркаға агарлық немесе 0,1 мл сорпалық 18-24 сағатттық
дақылдан зерттелетін микроорганизді бактериологиялық тұзақпен енгізеді.
37
о
С-та инкубациялап, нәтижесін 30 минут, 2, 4 және 24 сағаттан кейін
анықтап отырады.
Оң нәтиже – тығыз немесе борпылдақ ұйынды түзіледі; егер
сұйылтылған сарысуды қолданса, ұйынды сұйық бетінде қалқып жүреді.
Сарысуды дайындау. 1:2 – 1:4 болатындай етіп физиологиялық
ерітіндімен сұйылтылған немесе толық қоян сарысуын қолданады. Қоянның
жүрегінен пункция әдісімен алған қанды (10 мл жуық) 1мл 5%
залалсыздандырылған лимонқышқылды ерітінді бар пробиркаға құйып алып,
мұқият араластырып, центрифугалайды. Сарысуды (тұнба үстіне бөлініп
шыққан сұықтық) залалсыздандырылған пробиркаларға құйып алып, 4-5
тәулік тоңазытқышта сақтайды.
Стафилококктардың дифференциациясы үшін, сонымен қатар, маннит-
тұзды агарды да қолдануға болады. Онда
S. aureus
сары колониялар,
S.saprophyticus
– қызғылт (маннитті ашытпайды),
S. epidermidis
– ақ түсті
(маннитті ашытады) колониялар өсіп шығады.
24 кесте
Ауадан бөліп алынған стафилококктардың түрлік белгілерін анықтау
Колония
№
Лецитиназаға
реакция
Сүтті-тұзды
агарда өсіп
шыққандар
Плазмокоагуляция
ға реакция
Түрі
1
2
Достарыңызбен бөлісу: