Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика- информатика Құрастырғандар: Маннапова Т. М., аға оқытушы, магистр


-апта №2 дәрістің тақырыбы: Web-технологияларды қолдану орталары



бет13/38
Дата07.02.2022
өлшемі462,51 Kb.
#94785
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Силлабус Web тех 19-20 каз

2-апта

2 дәрістің тақырыбы: Web-технологияларды қолдану орталары


Мақсаты: Web-технология платформасында ақпараттық жүйені құру үрдісін автоматтандыру. Web-клиент. Web-сервер. Серверлерді бағдарламалау тілдері.



  1. Web-технология платформасында ақпараттық жүйені құру үрдісін автоматтандыру.

Жаңа заманғы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) клиент-сервер үлгiсiнiң негізінде құрылады. Тәжірибе жүзінде iске асыруларында бұл ақпарат жүйелерi деректер қорына (ДҚ) сақталады, ал пайдаланушыларға рұқсат етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету кешені желiнің екi жақтарында орналасуы керек - серверде және клиенттiң компьютерiнде. Бұл мәселелердiң шешу қажеттiлiгiн бiртұтас ақпараттық кеңiстiкке әртүрлi ақпараттық қорлардың кiру тапсырмасын өңдеушiлердiң алдына қойылды.
Web-технологиялар және құралдар негізінде құрылған АЖ, HTTP хаттамасын қолдану және көп платформа қолдалатын HTML тілінде жазылған құжаттарды белгілеуде компьютердің аппараттық және программалық ерекшелiктерiнен және операциялық жүйелерден (ОЖ) тәуелсiз.
Сервер қосымшасы басқару орталығының қызметін атқарып, ол қажет жағдайда пайдаланушылардан сұраныстарын қабылдап деректер қорына немесе серверлік бағдарламаға (біздің жағдайда серверлік бағдарлама ретінде РНР өңдеушісі болады) бағыттайды, оларды өңдейді және клиентке қайтарады [2].
Web-қосымша өзінің дамуын Web-тораптар мен Web-жүйелерден бастады. Бірінші Web-тораптар, Тим Бернерс-Ли физиканың CERN бөліктерінің Еуропалық лабораториясына арнап құрылған, пайдаланушыларға өздерінің компьютерінен басқа зерттеушілерден ақпараттар мен құжаттарына тура қатынауға мүмкіндік беретін, бөліктелген гипермедиа жүйелерінен құралды. Клиенттік компьютерлерде жұмыс істейтін құжаттарға қатынау браузерлердің арнайы бағдарламалар көмегімен жүзеге асырылады.
Web-жүйе - бұл гипермедиа жүйесі, өйткені олардың ресурстары өзара байланысқан. Web термині жүйе бір-біріне сілтемелері бар тораптар жиыны ретінде қарастырылады. Web-қосымша Web-жүйелер негізінде құрылады немесе оған бизнес-логикаларды және жаңа қызметтерді қосып оны кеңейтеді. Ықшамдалған түрде Web қосымшаны – пайдаланушыға браузер арқылы бизнес-логикаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Web-жүйе деп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет