Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Сурет 5 Педагогикалық қақтығыстың түрлері



бет26/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Сурет 5 Педагогикалық қақтығыстың түрлері
Педагогикалық қақтығыстың түрлері:
1) Тұлғаішілік қақтығыс – бұл тұлғаның мотив, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
2) Тұлғааралық қақтығыс – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарамақарсы мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.
3) Топаралық қақтығыс – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
4) Тұлғалық-топтық қақтығыс – тұлғаның мінез-құлқы мен тәлімтәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды .
Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру, әркетінің жинақталған түрі яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңдіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата-аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика-психологиялық жағдай жаратылған болуы қажет.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1.«Конфликт» сөзіне анықтама беріңіз.

2. Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметіне сипаттама беріңіз.
3. Педагогикалық қақтығыстың түрлеріне тоқталыңыз.

27-28 дәрістің тақырыбы: Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті


Дәріс мазмұны:
1.Көшбасшылық мәні
2. Көшбасшылық теориялары
Белгілі ғалым Ю.А.Конаржевский: «Менеджмент – бұл басқарушыға ғана емес, кез-келген маманға қажет білімдердің жиынтығы. Егер сіз белгілі бір салада – медицинада, білім беру жүйесінде, ғылымда, бизнесте кәсіпқой маман болсаңыз құрылымға біте қайнасып, араласып кету үшін менеджменттің негізгі қағидаларын білмейінше оңай болмайды» –деп көрсеткеніндей, менеджментте адам құрал емес, мақсат. Оның құндылығы да осында. Көшбасшы (ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) – болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының идеясы бар жаңашыл адам. Қазіргі кезеңде мекеме басшысы көшбасшылықты бірге алып жүргенде ғана ұзақ уақыт мекеме басқара алады. Ресейлік ғалым О.А.Никитинаның зерттеуіне сүйенсек, уақыт ағымына қарай көшбасшылықтың сипаттамалық мінездемесі де өзгеріп отырады . Америкалық профессор Уильям Абернети жапондықтардың машина жасаудағы табыстарының себептерін анықтау оны қалай таң қалдырғандығын айтады. Ол: «Мен үшін үлкен жаңалық, табысқа жетудің сыры автоматтандыруда емес екендігін ашу болып табылады. Олар автомобиль жасауға «адамдық» көзқарас қалыптастырған. Олардың ненің не екендігін білетін, жұмыс істегісі келетін және автомобиль жасауға психологиялық дайын жұмыс күші бар» – дейді. Ақылды жапондықтар автомобильден адамды, автомобиль жасаушыны жоғары қойып отыр. Табыстың сыры осында. Менеджментке тән белгі – оның өзегі «адамға» бағытталғандығы, оның «адам үстемдігі» негіз болып табылатындығы. Менеджменттің табысы адамдардың ынтымақтастығында болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет