Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет35/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Әлемдік ақпарат нарығы – өзінің мәні жағынан тауарлар мен қызметтердің дәстүрлі нарығы болып табылмайды. Оның сыры мынада – оған стратегиялық сипаттағы саяси, идеологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептер бойынша мазмұны әлемдік экономикалық акпараттық қатынастар субъектілері арасында еңбекке мамандану және сонымен ілесе жүретін біріктіру болып табылатын классикалық халыкараралық еңбек бөлінісі тән емес.
Ақпарат нарығы жалпы тұтыну ақпараты мен мамандар үшін арналған ақпарат массивтерінен құралады, яғни құқықтық, экономикалық, экологиялық, техникалық, медициналық және т.б.
Ақпараттық қызмет нарығы келесілерге жіктеледі:

  • жаһандық (жалпы планеталық);

  • халықаралық, яғни мемлекеттер тобын қамтитын;

  • ұлттық (теледидар, радио және т.б. бұқаралық ақпарат құралдары);

  • аймақтық (белгілі бір аймақ бойынша теле- және радио ақпаратын тарату);

  • локалды (жергілікті радиотаратыу, жергілікті газеттер мен журналдар);

  • нүктелі (кәсіпорындардың, оқу орындарының, мекемелердің, кітапханалардың және т.с.с. ақпараттық компьютерлік, радиотаратушы және теледидарлық желілері).

Әлемдік ақпарат нарығының ең жылдам бөлігі болып жеке тауарлық, валюталық, қор нарықтары және нақты бір мемлекет пен аймақтың ақпаратын өзіне қосатын секторы, яғни іскерлік ақпараттар табылады.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық білімді заңды түрде тарату мен қатар ақпараттық нарықтың көлеңкелі секторын белсенді түрде жандандыруда [1]:

  • өндірістік тыңшылық – бұл дегеніміз мемлекеттік немесе коммерциялық құпия ақпаратты шетелдік мемлекетке немес компанияға беру, ұрлау немесе беру мақсатында жинау;

  • технологиялық қарақшылық – бұл дегеніміз имитация технологияларын жалпы шығару мен сату;

  • хакерлік (компьютерлік қарақшылық) - әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізу немесе Интернет желісінде мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың жұмысына кедергі келтіретін вирустар мен арнайы бағдарламаларды құру және таратуды айтамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет