Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз


(Т) Ұялы телефонды қалай пайдалану керектігі жөнінде



бет63/78
Дата13.09.2023
өлшемі7,73 Mb.
#180934
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
Қазақ тілі 1-тоқсан 3-сынып

(Т) Ұялы телефонды қалай пайдалану керектігі жөнінде
нұсқаулық дайындау.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Алдын ала дайындалған нұсқаулық жазудың үлгілері көрсетіледі. Қоғамдық орындарда ұялы телефондарды пайдалану туралы талқылаулар жасап, алдын ала таратылған флипчарттарға нұсқаулық жазады. Жұмыстарын топта жариялап, іледі.
(Ө; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу.
Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар орындалған тапсырма мазмұнының ашылуын, безендірілуін ескере отырып, стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
28-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Ф əрпі бар сөздердің мағынасына назар аудартылады.
3.4.1.1 (МК; Ұ) Құрамында ф дыбысы бар сөздерді табу.
Шығармашылық үзіліс.
29-жаттығу. «Сиқырлы телефон» ойыны ойнатылады. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталатын жəне сөздің құрамында ф дыбысы болатын сөздерді ойлап табады. Мысалы: шкаф, флейта ...
3.2.5.1 (Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Тақырып мазмұнына сай материалдар жинақтап, алдын ала дайындалған сынып бұрышымен жұмыс ұйымдастырылады. Фарфордан жасалатын бұйымдар туралы ақпаратты дереккөздерден тауып оқып, талдау жасайды. Жұмыстарын топта жариялайды.
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет