Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет38/99
Дата20.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#186956
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99
Байланысты:
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ

§ 4. Мотивация және жеке адам
Бiз жоғарыда қарастырып өткен мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншылық оның тұлғалық бiтiстерiне айналады. Олардың қатарына; табысқа жету немесе сәтсiздiктен қашу мотивi, мазасыздану, локустық қадағалау, өзiндiк бағалау, талаптану деңгейiн жатқызуға болады.
Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретiнде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттiлiгi (аффилиация мотивi), билiк мотивi, басқаларға жәрдемдесу мотивi (альтруизм) және өшпендiлiк сияқты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтiн әлеуметтiк маңызды мотивтерiне кеңiрек тоқтала кетуге болады.
1) Табысқа жету және сәтсiздiктен қашу мотивi. Табысқа жету мотивi теориясы бойынша адамда iс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екi түрлi мотив болады. Бұл екi мотивке ие жеке адамдардың жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерi арасында елеулi айырмашылықтар болады.
Табысқа жету мотивiн ұстанған адамдар өз iс-әрекетi алдына нәтижесi сөзсiз табысқа әкелетiн iс-әрекет түрлерiн, әдiс-тәсiлдерiн таңдап алып, оған жетуге белсендi атсалысады. Мұндай адамдардың когнитивтi сферасында табысты күту,яғни табысқа жету сенiмдiлiгi болады. Олар өз iс-әрекетiн басқалардың қолдауы, құптауын сезiнiп, осыған сай iс-әрекетi жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз iсiне бар күш-жiгерiн жұмсау, қойған мақсатына бар зейiнiн шоғырландыру тән болып келедi.
Керiсiнше, сәтсiздiктен қашу мотивi басым адамдарда, iс-әрекеттегi негiзгi мақсат табысқа жету емес, сәтсiздiктен қашу болып табылады. Олардың бар күш жiгерi осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенiмсiздiк, сынға ұшырау, сәтсiздiк қорқынышы нәтижесiнде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсiздiкке ұшырау қаупiн үнемi сезiнгендiктен iс-әрекетке деген ықыласы төмендейдi.
Табысқа жету мотивi бар адамдар әдетте, өз мүмкiншiлiктерi мен iскерлiк, дағдыларына сай iс-әрекет түрлерiн таңдап алады. Талаптану деңгейi мен мүмкiндiктерi арасында толық теңдiк орнаған. Ал, сәтсiздiктен қашу мотивi бар адамдар өз мүмкiндiгiн бағалауда жоғары өзiндiк бағалау немесе төменгi өзiндiк бағалау нәтижесiнде ең қиын немесе ең оңай iс-әрекет түрiн таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкiндiк деңгейi арасында сәйкестiк болмайды.
Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшiн барлық мүмкiншiлiктердi пайдаланады. Ал басынан сәтсiздiкке бағытталған адам өзiне сенiмсiздiк бiлдiрiп, сыннан қорқады.
2) Аффилиация мотивi. Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезiнде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға талпыну ретiнде көрiнедi. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетiлуiнен, өзiн қабылдамауынан қорқу мотивi де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсендiлiгi немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердiң басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотивi көбiне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қолдауға ие болуы және өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырумен қатар өз-өзiн бекiтуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.
3) Билiк мотивi. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдiк немесе билiк көрсетуге талпынуы.
4) Альтруизм немесе көмек көрсету мотивi. Альтруистiк мiнез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттерi ретiнде түсiндiруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру талпыну мотивтерi ретiнде көрiнедi.
5) Агрессия мотивi. Адамға моральдық, материалдық немесе физикалық зақым келтiретiн әрекеттердi агрессия деп айтады. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретiнде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әдiлетсiздiк көрсету, оларды кемiту, зақым келтiру ретiнде көрiнуi мүмк



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет