5. Ертегі құрау. Оқушыларға ертегі құрауға тапсырма беру арқылы олардың қиялын, ой –өрісін, логикасын дамытуға болады. ертегі құрауға тапсырма берген кезде де оны сан түрлі етіп түрлендіруге болады.
1)Мысалы: ертегінің басын беріп ары қарай жалғастыруға тапсырма беруге болады.
«Ер жігіт» деген тақырыпта ертегі құрауға берген кезде ертегінің басын былай беруге болады.
«Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты. Олардың перзент дегенде жалғыз қыздары бар екен. Оның аты Алтын екен. Бір күні Алтын тасы мен әжесіне көмектесу үшін орманға отын әкелуге кетіпті де содан қайтып қайтпапты.......................» деп ертегіні бастап, ары қарай жалғастыруды ұсынуға болады.
2) Әр түрлі тақырыптарға еркін түрде ертегі құрауға болады.Мысалы: «Ұшқысы келетін ит», «Құрғақта тұратын балық», «Аң патшасы – қоян» , «Роликші торай» , «Саққұлақ үкі» сияқты түрлі тақырыптар беруге болады.
3) Кез-келген ертегіні беріп, осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып тың жаңа ертегі құрауға ұсынуға болады. Барлықтарына ең таныс «Бауырсақ» ертегісін беріп, ертегі кейіпкерлері Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкілерді қатыстырып тың жаңа ертегі құрауға болады. Мысалы: «Бірде ата мен апа ең соңғы ұндарын қырып отырып, бауырсақ пісірді. Оны суытуға терезеге қойып еді, зеріккен Бауырсақ терезеде отырып өзінің әжесі мен атасының қиын жағдайын көріп қатты қиналды. Енді оларға қалай көмектесудің жолын іздестіре бастады. Өзінде ондай дәрмен жоқ.» ( осылайша жалғастыра отырып, сол кейіпкерлердің ата мен әженің бақытты болуына жағдай жасағандары туралы құрауға болады).
6.Өлең құрау. Өз беттерімен өлең құрауға үйрету шығармашылықты дамытудың бірден бір жолы.Өлең құрау кезінде алғашқы бунақ, шумақ, тармақ ұғымдары түсіндіріледі. Бұл жастағы оқушыларға өлеңді өз беттерімен құрау әрине қиын. Дегенмен өлең құрауды сатылы түрде үйрете отырып нәтижеге жетуге болады.
1)Өлеңнің алғашқы 3 жолын беріп, 4-жолын өздеріне құрату.
Туған жер алтын бесігім,
Әлемге мәшһүр есімің.
Алыстан аңсап жетемін,
....................................... ( өзіңде түлеп өсемін)
2) Өлеңнің екі жолынан кейбір сөздерін алып таста, қалауларынша жазу.
Ыстық қой шіркін туған жер. Мен оның күнін сүйем
............................. қуған жер .................... ботаңмын.
Аялайсың сен бізді, Құрметтеп оны өтемін,
.................................думан жер. ..................... Отаным.
Зыряным алтын мекенім. Апатайым анашым
..............................өтемін. .............. данасың.
Қияға қанат қақсам да, Сүйем жалғыз өзіңді
.........................жетемін. .................. панасың.
3) Оқушылардың өз шығармашылығына келетін болсақ
Дала біздің көрікті, Біздің сынып әдепті
Гүлден бұрым өріпті. Балалары осындай
Қуансын деп көктемде Шеттерінен бәрі епті
Балаларға беріпті Бәрі дағы дос сондай.