276
Расулаллаһ надрлардан түскен олжаны тек муһажирлерге үлестіріп,
әнсарлардың иығындағы жүкті жеңілдеткісі келді. Сахабаларының басын
қосып:
"Егер сендер қаласаңдар, яһудилерден түскен олжаны, Аллаһтың маған
бұйыртқанын, муһажирлермен араларыңда бөліп берейін. Муһажир
бауырларың бұрынғыша үйлеріңде тұрып, азық-түлікке ортақтаса берсін.
Немесе пайданы тек муһажирлерге берейін.
Олар бөлек шығып, өз күндерін
өздері көрсін",- деп ұсыныс айтты.
Мәдиналық мұсылмандар шын ықыласпен:
"Уа, Расулаллаһ! Олжаны муһажир бауырларымызға үлестіріп беріңіз.
Сонда да олар үйлерімізде тұра берсін. Біздің дүниемізден де қалағаныңызша
алып, соларға беріңіз!"- десті.
Әбу Бәкір Сыддық орнынан тұрып әнсар бауырларына ризашылығын
білдірген соң:
"Аллаһ сендерге қайыр сыйласын. Уаллаһи, біз бен сіздердей
бауырластық дүниеде жоқ",- деді.
Пайғамбарымыз да:
"Аллаһым! Әнсардың үрім-бүтағын қорғап, рақым еткейсің!"- деп бата
жасады.
Мәдиналық мұсылмандардың жауанмәрттігі
жөнінде іле-шала Хашр
сүресінің 9-аяты түсті.
Мәдинаның жергілікті тұрғындары әнсарлар ықыласты әрекеттерінің
арқасында Расулаллаһтың көңілінен шығып, Аллаһтың ризалығына бөленді.
Расулаллаһ болса надрлардан қалған олжаны аятта да айтылғандай
муһажирлерге бөліп береді. Сөйтіп оларды
әнсарға мұқтаж болудан
құтқарды.
Достарыңызбен бөлісу: