Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
құндылық дегеніміз
сұлулыққа масаттанып рухтану. 
Бізді тыныштық, күн батуының арайы, айлы түндегі жалғыздық немесе күн 
сәулесіне тояттанған жапырақ рухтандырады. Осылардың барлығы ең жоғарғы, 
әрі құрметті нәрсе ретінде осылайша қабылданады және санада таралады. 
Болмаса, шынайы айғақтар, оқиғалар, қасиеттер тек қабылданып ғана қоймай, 
біз арқылы танылады, әрі біздің бойымыздан сезімдердің қатысуымен табыну, 


махаббат немесе керісінше, жек кӛру, қарғыс айту сезімдерімен бағаланады. 
Осы аталған барлық қанағаттандыратын немесе қанағаттандырмайтын 
мүмкіндіктер 
талғам
деп аталатын мынандай сезімдерді құрайды. Олар: 
жақсылық, жағымдылық, кереметтік, нәзіктік, қайрымдылық, құдіреттілік, 
жоғарылық, құпиялық, қасиеттілік т.с.с. Мысалы біз, ӛзімізге пайдалы затты 
кӛргенде қанағаттану сезіміне ие болып, оны жақсы деп есептейміз, ал егер ол 
зат тікелей пайдалығынан айрылып, бізге тек қанағаттану сезімін берсе, біз оны 
керемет деп есептейміз. Демек, құндылық деп субъективті-обьективті 
шындықты айтуға болады, яғни әркім ӛз талғамының обьективтілігімен 
басымдылығын алға тарта отырып түрлі талас-тартыстарды тудырады. Ал 
мұндай келіспеушілік «талғаммен таласуға болмайды» - деген қанатты сӛзден 
ӛз тӛрелігін табады.
Неміс философиясының кӛш бастаушысы И. Кант: «әркім ӛзін ләззатқа 
бӛлеген нәрсені - жағымды, тек ұнаған нәрсесін – керемет деп бағалап, 
мақұлдаған нәрсесін - жақсы деп атайды, яғни осының барлығы адамның 
объективті құндылықты қарастыруы» - деп есептейді. Адамның жан тазалығын 
аңсаған, адамның адам атын кіршіксіз сақтауына ӛз ӛмірін сарп еткен ғұлама, 
ұстаз Махатма Ганди түсінігінше, адамзаттың жоғары құндылықтарының діни 
моральдық негізіне 
Борыш, Махаббат
және 
Әділеттілік 
жатады. Жалпы 
адамдар ӛмірден үйренгендерінің 83 пайызын кӛру, 11 пайызын есту, 3,5 
пайызын иіскеп байқау, 1,5 пайызын ұстап кӛру, ал 1 пайызын дәмін тату 
арқылы жүзеге асырады екен. Егер құндылық жүйесінің негізін құрайтын 
басты элементтер адам, мәдениет, қоғам дейтін болсақ, аталмыш 
құндылықтардың сапасымен ӛзара қарым-қатынастары ӛркениеттің деңгейін 
анықтайды. Әрбір құндылық сапасы оны құрайтын түрлі ұсақ элементтердің 
сапалығынан туындайды. Құндылықтар - бұл әлемдік байланыстардың дамуын 
қамтамасыз ететін әмбебапты сипатқа ие. Осы әмбебаптық құндылықтардың 
жетіспеушілігіне байланысты ӛркениет құлдырай бастайды. Мәдениеттің 
құндылықтық-танымдық жүйесі осы немесе басқа қоғамдық заттардың 
қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру 
құбылыстарын қамтиды. Құндылықтар ӛзінің қажеттіліктерін әлеуметтік 
субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара 
қатынасында қалыптасады. Мәдениеттің синтетикалық 
нысаны
ырым, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр сияқты мінез-құлық үлгілері болып табылады.
Адамзат ерте кезден бастап-ақ жәй сӛздерден құны бар асыл сӛздерді 
ажырата білген, мұндай сӛздердің авторларын «ғұлама», «данышпан» атап 
қанатты сӛздерді тұрмыста кәдеге жаратуға тырысқан. Сӛз салмағын саралай 
алатын данышпандардың аты тарихта қалып, олардың ізгілікке толы нақыл 
сӛздері қараға да, патшаға да ӛсиет ретінде қызмет еткен. Кез-келген ұлттың 
ӛзіндік бітім-болмысына орай, тӛл данышпандары және олар айтқан нақыл 
сӛздері, жинақтары бар. Тарихи кезеңдерге сүйенер болсақ, алғашқы ғылым 
болып негізі қаланған «философия» да «даналықты сүю», «даналыққа 
құштарлық» сӛзінің мағынасын береді. Демек, дана сӛздерді тек данышпандар 
ғана айтады, олай болса дана сӛздер тек жақсылыққа негізделген игі ойлар 


болуға тиіс. Екшеленген ерекше мағыналы, мәнді және маңызды сӛздер ғана еш 
ұмытылмастан, ӛз құнын жоймастан ұзақ ӛмір сүре алады. Анығырақ айтқанда, 
ғылым тек даналыққа, ізгілікке негізделген, адамзатты жақсылыққа жетелер 
таза, саф болуы тиіс. Дана ойлар әлемі ӛзіндік бір құпияға, сырға толы, 
сондықтанда оны үнемі жадыда жаңғыртып, жылдар ӛткен сайын тереңдей 
берер мағынасын жаңа заманмен ұштастыра зерделеген абзал.
«Философия» сӛзі де, философияның ӛзі де ерте гректердің, яғни 
эллиндіктердің арқасында әлемге танымал екені мәлім. Сол ойшылдар 
арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет