Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
«бесіктен бейітке дейін білім іздеңдер»
деген ӛсиетімен 
«тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізде»
деген осы ӛсиет 
үндес парсы мақалы дәлел бола алады. Орта ғасырлық тарихшы Мұхаммед 
Хайдар Дулатидің “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде Қазақстан территориясына 
ислам дінінің таралуы туралы аңыз келтірілген. Дулатидің айтуынша алғаш 
ислам дінін қабылдауға ниет білдірген тарихи тұлға Тоғылық Темір хан екен. 
Аңыз мәтіні былай басталады: “Шейхтен Тоғылық Темір хан: “Адамды иттен 
артық ететін бұл не нәрсе?” – деп сұрайды. Шейх: “Иман”, - деп жауап берді. 
Содан кейін жалпы ислам діні мұсылмандық шарттары жайлы толық 
түсіндіреді. Сонда хан оған: “Егер мен хан болып, тәуелсіздік алсам, міндетті 
түрде сіздің келуіңізді сұраймын. Мен исламды қабылдаймын”, - дейді. Осы 
оқиғадан кейін Шейх хәл үстінде жатып, баласы Маулана Аршададдинге 
болған оқиға жайлы әңгімелейді және мынандай ӛсиет қалдырады: “Мен бір түс 
кӛрген едім, түсімде бір шырақты жоғары кӛтеріп жүр екенмін. Оның нұры 
бүкіл Шығыс жақты жарқыратып тұр екен. Осыдан кейін мен Ақсуда Тоғылық 
Темір ханға кезіктім”, - деп ӛткен оқиғаны ұлына баяндайды. Менің ғұмырым 


жетпеді. Енді сен: “Егер сол балаң жігіт хан болса, іздеп бар, ол ӛз уәдесін 
орындауға тиіс. Сол бақыттың қолдаушысы ӛзің боласың. Оның мұсылман 
болуы бүкіл әлемді жарқыратады”, - деді 
(Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-
Рашиди. - Алматы: Туран, 2003. - 48 б.).
Аңыз сарыны ескіргенімен түпкі идеясы 
ескірмеген. Бүгінде Ислам ең таза дін ретінде кӛпшілік арасынан үлкен қолдау 
тауып, шын мәнінде де Шығысты жарқыратып тұр. Ӛзге дін ӛкілдерінің ӛзі 
Ислам дінінің ұлылығын мойындап отырған шақта, бұл діннің келешекте бүкіл 
әлемді жарқыратуы әбден мүмкін.
Кез-келген дін адамдардың адаспауына, бір-біріне қамқорлық жасауына 
тікелей ықпал етеді. Демек ғылым да дін тәрізді даналыққа негізделген таза 
болуы шарт. Синдей Ж. Харрис айтқандай 
«адамдардың қолмен жасаған 
кейбір
алдамшы ақшалары сияқты, ақшалардың да жасаған алдамшы 
адамдары болады». Адамдардың мұндай адамилыққа жат, теріс қасиеттері қай 
заманда болмасын ұлы жүректілердің, данышпан, ғұламалардың қатаң сынына 
ұшырап отырған. Немістің ерекше ойлы философы Ф. Ницше: 
«адам жасаған 
іс-әрекетін құнды етеді; бірақ жасалған іс-әрекет қалайша адамды құнды ете 
алады»
- дейді. 
Ілім мен білім қай заманда болмасын ӛз ӛзектілігі мен қажеттілігін жойған 
емес. 
Ілім
/знание/ - ол табиғаттан берілетін, жалпыға тән, бар нәрсе, ал 
Білім
/образование/ - бір салада немесе бағытта алынатын ілімдер жинағы, ол оқу, 
тәжіріибе арқылы жүзеге асады. Егер сӛз салтына, яғни этимологиялық мәнге 
жүгінсек, «ілім» ілу сӛзі яғни, табиғи тұтас ілімнен іліп алу, ал «білім» сол 
ілінген нәрсені ӛзіңе тоқу, білу, санаға сіңдіру. Демек ілім – теория, білім – 
практика. Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында орта ғасырлық 
ғұлама Юсуф Баласағұни:
Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей, достым, білімдіге ынтызар бол, 
Ашылар білімменен бақыт жолы, 
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді – алтын кӛзі ашылатын,
Надан жан – қара бақыр шашылатын. 
Білімсіз тең бола ма білімдімен,
Азамат – білікті әйел, ез ер – қатын - деп жырлады. 
Бұл даналық ӛсиеттерден білімнің қай кезеңде болмасын адамзат үшін 
қажет те маңызды болғандығын кӛреміз. Білім - ӛркениетке апарар бірден-бір 
жол. Бұл ӛсиеттерінің тағы бір ӛзектілігі, білім алдындағы теңдік. Барлық адам 
жынысына, нәсіліне қарамастан білім алуға құқылы және білімі артық адам 
ғана білімсізден жоғары бола алады. Білімді әйел ер азаматпен тең, білімсіз ер 
адам сол білімді әйелдің алдында тӛмен, ез болып кӛрінеді. Ілім мен білім егіз. 
Ілімсіз білімді игеру мүмкін емес. Ілім білімнің алғышарты, сондықтанда 
қазіргі күні білімнің қажеттілігі орасан. Білімнің негізгі компоненті «оқу» 
болғандықтан, қазіргі заманғы адамдардың тоқсан пайызын білімділер 
қатарына жатқызуға болады. Әріп танып, оқу оқыған күнен бастап адам білімді 
игере бастайды. Оған дейінгі баланың кӛрген-білгені, тәрбиеден үйренгені, 


табиғатты, қоршаған ортаны ӛз бетінше тануы ілімнің жинақталуына алып 
келеді. Білімі жоғары, атақ-даңқы, дәрежесі, мәртебесі бар кейбір 
азаматтарымыздың әліпті әріп деп танымайтын әже-аталарымыздан ілімділік 
жағынан кем түсуі әбден мүмкін. Демек ілім білімді, білім ғылымды туғызады 
және бұлар бір-біріне қызмет етеді. Бұл турасында атақты грек философы 
Сократ: 
«ақиқатты шындық жақсымен жаманды ажырата алған ілім, бұл 
екеуін бойына тоғыстыра алған адам ғана игілік пен ӛмірілік бақытқа жету 
мүмкіндігіне ие бола алады»
- деген ой айтады. Үш негізгі ілім ретінде Сократ 
тӛмендегілерді атап ӛтеді.

Аздылық немесе әлсіздік [құштарлықты қалай ояту керек туралы 
ілім]; 

Ӛжеттілік [қауіптіліктен қалай құтылу керек туралы ілім]; 

Әділеттілік [адамдық және құдайлық заңдарды қалай сақтау қажеттігі 
туралы ілім] 
– деп бӛле отырып, тек қайырымды, білім алуға қабілеті, құштарлығы бар 
адамдар ғана білім алуға міндетті дейді. Ал шаруа және басқа да жұмысшы 
адамдар ӛзін танудан аулақ, олар тек денемен қатынасты ғана біледі және соған 
қызмет етеді. Егер таным ақылдылықтың белгісі десек, онда осы адамдардың 
ешқайсысы ӛзінің бір ғана жұмысы немесе қолӛнері арқылы ақылды бола 
алмайды. Жұмысшы, қолӛнерші, егінші, яғни барлық демостың /құлдарды 
айтпағанда/ білім алу мүмкіндігі жоқ - дей келе, білім мен ғылым тек ізгілікке 
ғана жұмыс істеуі қажет деп қазіргі заманның асқынған ауруына ем табады. Ал, 
хакім Абай болса, 
«сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»
деп, 
қоғамда немесе мемлекетте әрбір жеке адамның ӛзіне тиесілі орны бар, оның 
мақсаты сол тиесілі орынды адаспай табу және бір-бірінің ісіне араласып 
кедергі жасамау екендігін баса айтады. Тоқтаусыз салынып жатқан 
құрылыстың дұрыс немес бұрыс болуы, әрбір кірпіштің ӛз кетігін дұрыс тауып 
қалануынан. Ал адасқандар мемлекет ісін үлкен кедергілерге ұшыратып, жан-
жағындағы адамдарды да дұрыс жолдан тайдыруы әбден мүмікін. Сондықтанда 
адамға ғана тән қабілеттілік, интуиция, ынта-жігер, ең бастысы таңдау еркіне 
зерек болу, дәл бүгінігі күні аса қажет. Құндылықтың басты нышандары 
болатын білім, ғылым, салт-дәстүр, ӛнер, дін, діл, тіл сынды кӛптеген ұғымдар 
ған адамзатты мәдениетті етіп кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет