Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
 
Ӛзін тексеру сұрақтары 
1.
Құқықтық мемлекет тарихын ғалымдар пікірлері мен еңбектеріне сүйене 
отырып, талдау жүргізіңіз? 
2.
Азаматтық қоғам ұғымына түсініктеме беріңіз? 
3.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы мәдени 
байланыстар? 
4.
Демократия дегеніміз не?
IV тарау. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӚРКЕНИЕТ 
Мәдениет пен ӛркениет күрделі динамикалық құбылыс. Олар тарихи 
дамудың адамзат жеткен белгілі бір рухани және материалдық, практикалық 
және теориялық, экономикалық, адамдардың идеологиялық әлеуметтік 
әрекеттерін, сонымен қатар, саяси, құқықтық, ӛнегелік, эстетикалық 
қатынастарда пайда болатын адам күші мен мүмкіндіктерінің даму деңгейін 
тіркеп отырады. Ӛркениет кең мағынада - әлеуметтік прогрестің ӛзі, яғни 
жаратылысты-табиғи дамуға қарама-қайшы процесс. Ӛркениет - бұл негіз, 
әлеуметтік процестің ядросы және оны әлемдік тарихи процестегі барлық 
адамзаттың жеткен әлеуметтік прогресінің магистралі ретінде сипаттауға 
болады. 
Ӛркениет
– бұл қоғамдық болмыс элементтерінің ӛзара әрекет ету 
тәсілі, оның негізін мәдениеттің ғасырлар бойы жинақтаған ӛзіндік тұрмыстық 
қасиеттері мен принциптері, материалдық ӛндірістері мен рухани 
құндылықтары құрайды. Мәдениет ӛркениеттің барлық элементтерін біріктіріп 
тоғыстыратын, оның іргетасын қалап, барлық тарихи дамудың қоры болатын 
рухани негіз, ядро.
Адамзат ӛркениетінің тарихы мен мәдениеті қиын да күрделі жолды 
басынан ӛткеріп келе жатыр, осы жолда қаншама жаңалықтар ашылды, оның 
есесіне қаншама құндылықтар жойылды. Ескінің орнын ауыстырған 
жаңашылдық әрдайым ӛркениеттік сипатқа ие, бірақ уақыт ӛте кейбір ескі 
құндылықтар жанданып, қайта қалпына келіп, жаңа ӛркениеттік талапқа сай 
кӛркемделіп жаңашылдық санатына ие болады. Ӛркениет негізін 
мәдениет 
құрайды, демек ӛркениет мәдениеттің сыртқы формасы. Жер жүзіндегі 
мәдениеттердің барлығы құрылымы жағынан бір-біріне ӛте ұқсас. Кез-келген 
мәдениеттің белгілі бір ерекше тұсы келесі мәдениетте әлсіздік танытса, дәл 
осы әлсіздік ӛзге мәдениет ӛркендеуінің басты себебі болуы мүмкін. Демек, 
мәдениеттер әрдайым ӛзгерісте, олардың ӛзіндік ерекшеліктері мәдени белгілер 


жиынтығының ұдайылығы мен екпінінен айқын кӛрінеді. Ӛзгермелі 
мәдениеттің орны мен уақыты ауысқан сәтте, мәдениет субъектілері - этнос
социум, тұлғалар да ӛзгеріп отырады. Ол үшін біз мәдениет динамикасын ӛте 
жақсы меңгеруіміз қажет, тек осындай білім ғана бізге константты анықтауға 
жәрдем береді. Үздіксіз үрдісті меңгеру феноменнің үстемдік етуші белгілерін 
анықтайды, әлемдік мәдени-философиялық идеялар тұрғысынан талданып, 
ӛркениеттік негіздер арқылы кӛрініс табады. Мәдениет пен ӛркениет бірін-бірі 
толықтырушы, әрі сабақтаушы екі жұптық бастама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет