Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет27/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
Ӛзін тексеру сұрақтары 
1.
«Құндылық» терминін толыққанды зерттейтін ғылым? 
2.
Мәдениеттің адамдық тұрғыдағы құндылықтық ӛлшемі. 
3.
Мәдениеттің құндылықтық-танымдық қызметі. 
4.
Діннің қоғамдағы құндылықтық қызметіне тоқталыңыз? 
5.
Білім - мәдениет пен құндылықтың кӛрсеткіші ретінде.
Б) Бұқаралық мәдениет феномені 
Бұқаралық мәдениет қазіргі заманғы мәдениеттануда белгілі бір нәтижені 
кең кӛлемде тарата алу мүмкіндігі бар «орта топ» тұтынушыларына 


лайықталған рухани ӛндірістің арнайы кӛптүрлілігін белгілеу мақсатында 
қолданылған термин. Бұқаралық мәдениеттің пайда болуын ӛздеріне қызмет 
ету үшін жалданбалы жұмысшылар армиясын құру қажеттілігін туғызған ірі 
шаруашылықты 
ӛндіріс 
қалыптасуының 
кезеңімен 
байланыстырады. 
Феодалдық қоғамдағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымның бұзылуы, үйреншікті 
іс-әрекеттер формалары және олармен байланысты рухани дәстүрлерінен 
ажыраған дүйім жұрттың пайда болуымен қатар жүрді. Бұқаралық мәдениет 
бір 
жағынан,
жалдамалы жұмысшылар мен қызмет етушілер қатарынан тұратын 
жаңа әлеуметтік қабаттың ӛзіндік бір қалалық-халықтық мәдениетін құруға 
деген талпынысы болса, 
екінші жағынан,
үстемдік ететін саяси және 
экономикалық құрылым мүддесіндегі бұқаралық сананы басқару құралы 
ретінде пайда болды. Бұқаралық мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі мен әлемді 
танудың бұлыңғыр кодексін қалыптастыратын идеалға деген адамзаттың 
табиғи сағынышын қандыруға ұмтылады.
Бұқаралық мәдениет архетиптік пікірлер мен сезімдерді (махаббатты қажет 
ету, алынбаған асу алдындағы қорқыныш, табысқа ұмтылу, ғажайыптың 
болатынан сену және т.б.) балалардың шындықты тікелей қабылдауының 
аналогиясы сияқты тұтынушылардың эмоционалдық реакциясына есептеп 
жасайды. Бұқаралық мәдениет тұтынушылар тарапынан ӛздерінің қарапайым 
тіршілік етулерінен гӛрі барынша шынайы, әрі рас деп қабылдайтын ӛзіндік 
әлемді құрастыра отырып қазіргі заманғы мифологияны жасайды. Бұқаралық 
мәдениеттің мәнді жағына, табысты болған жағдайда қомақты пайда алып 
келетін кӛркемдік және техникалық әдістерге сәйкес таңдауды анықтайтын 
тұтынушыға бағытталған (жас мӛлшерлік, әлеуметтік және ұлттық топтар) 
нақты таңдау жатады. Бұқаралық мәдениетке ӛз қабылдауына белгілі бір 
интеллектуалды күш талап ететін кӛркемдік жағынан ерекше құндылықтық 
нәтиже жасауға қабілетті 
элитарлық мәдениет
қарсы қойылады.
Бұқаралық мәдениеттегі жаңашылдық элементтері айтарлықтай емес, 
себебі оны жасаушылар бұқаралық сана үшін кӛбіне «жоғарғы» мәдениет 
жетістіктері нұсқаларының ескірген, үйреншіктіге айналған формаларымен 
айналысады. Бірақ бұқаралық мәдениетті таза ӛнермен еш қатысы жоқ, 
әдепсіздер мен нашар талғамдылар қорығы деп есептеу қажетсіз. Шын мәнінде, 
бұқаралық 
мәдениет 
жалпыға 
қабылданған 
элитарлық 
мәдениет 
құндылықтарымен дәстүрлі халықтық мәдениет арасын дәнекерлеуші, 
сабақтастырушы қызметін атқарады. Эзотериялық ашылымдар мен маргиналды 
кӛркемдік эксперименттерді «аңқау» сана бӛлігіне айналдыра отырып, 
бұқаралық мәдениет оның баюуы мен дамуына ықпал етеді. Сонымен бірге
қоғамдағы бұқаралық кӛңіл-күй мен бағдардың тіршілік етуін негізге ала 
отырып, бұқаралық мәдениет элитарлық мәдени шығармашылыққа кері әсерін 
тигізіп, белгілі бір дәрежеде мәдени дәстүрдің қазіргі заманға лайық болуын 
міндеттейді.
Бұқаралық мәдениет динамикасы қоғамдағы рухани ӛмірдің негізгі 
тенденциялары және әлеуметтік идеалдар мен дүниегекӛзқарастық үлгілер 
эволюциясына нақты мінездеме бере алады. Бұқаралық мәдениет ӛз жанынан 


қазіргі заманғы ӛркениетті тудырады. Бұқаралық мәдениеттің барынша жарқын 
феномендері (комикстер, «қара» криминалды роман, отбасылық сага) 
урбанистикалық фольклордың бір түрі ретінде жиі қарастырылмайды. 
Сондықтанда 
бұқаралық 
мәдениет 
нәтижесінің 
нақты 
мәні 
оның 
жалпыадамзаттық құндылықтарымен емес, ӛз заманының тілінде сол дәуірдің 
қиялын, үміті мен мәселелерін дәріптей алу қабілетімен анықталады. 
Бұқаралық мәдениет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет