Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
этнография 
деп атаймыз. Этнографиялық мағлұматтар халықтың 
этникалық тегін, рухани болмысын, мәдени талғамын, моралдық-этикалық 
қалыптарын саралауға кӛмектеседі. Тек этнографиялық деректерге сүйене 
отырып, этностың ӛткен ӛмірін, мәдени болмысын, ӛнерін, моралдық-этикалық 
қасиеттерін тануға болады. Адамдар кӛбінесе ӛздерінің мәдениеті тұрғысынан 
басқа мәдениеттерді бағалауға бейім. Мұндай жағдайды ғылыми тілде 
«этноцентризм»
деп атайды. Бұл терминді ғылыми айналысқа У.Самнер мен 
Л. Гумплович енгізген. Самнер пайымдауынша этникалық топтар ішіндегі 
адамдар қатынастарымен топтар аралық қатынастар арасында айтарлықтай 
айырмашылық бар. Егер топтар арасында ынтымақтастықтағы салмақтық 
болса, онда топтар арасындағы қатынастар күмәнділік пен қастық туғызады. 
Этноцентризм 
ішкі әлем алдындағы этникалық топтар бірлігін ӛндіру мен 
қатар оған ӛз ықпалын тигізеді. Б.Поршнев мен С.Токарев жұмыстарында 
ӛңделген этникалық ӛзіндік идентификация негізінде жатқан «біз-оларға» 
қарама-қарсылығымен 
байланысты. 
Этноцентризмнің 
әлеуметтік 
стереотиптермен байланысы әлеуметтену процесі және белгілі бір әлеуметтік-
мәдени ортаға ену кезінде сіңіп кетеді. Этноцентризм қандай да бір деңгейде 
барлық қоғамға тән, керек десеңіз артта қалған елдердің ӛзі бір нәрседе ӛзінің 
қалғандардан артықшылығын сезінеді. Этноцентризм сияқты қиын мәдени 
құбылыстың жағымды сәттері этноцентризмнің нақтылы айқын кӛрінісі бар 
топтар басқа мәдениетке және субмәдениетке толығымен шыдамды топтарға 
қарағанда ӛмір сүруге аса дәрменді болып келетіндігінен кӛрінеді. 
Этноцентризм топтарды шоғырландырады, оның әл-ауқаты үшін құрбан 
болу мен азаптануды ақтайды; онсыз отан сүйгіштіктің пайда болуы мүмкін 
емес. 
Этноцентризм
- ұлттық сана-сезімнің, топтық адалдықтың пайда 
болуының қажетті жағдайлары. Әрине, этноцентризмнің жағымсыз пайда 
болулары да мүмкін, мысалы, 
ұлтшылдық
, басқа қоғам мәдениетіне теріс 
қарау. Сондықтанда этноцентризмнің маңызды факторы – 
ұлтшылдық.
Этникалық ӛзіндік сана ретінде этноцентризмді этностарға сәйкес тарихи және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан ажыратып қарастыруға болмайды. 
Этникааралық жағдайлар тек қастық пиғылда ғана емес, достық пиғылда да 
бола алатын мәдени контактлердің бағыттылығы мен интенсивтілігі дәрежесіне 
тәуелді. Бірақ этноцентризм кӛп жағдайларда тӛзімді нысандарда пайда болады.
Этноцентризмге 
мәдени релятивизм
қарсы тұрады. Егер түрлі ниеттер мен 
құндылықтар ӛздерінің жеке меншік мәдениетінің әлеміне ұқсамайтын болса, 
бір әлеуметтік топтың мүшелері басқа топтардың ниеттері мен құндылықтарын 
түсіне алмайды. Басқа мәдениетті түсіну үшін оның нақтылы белгілерін
дамуының ерекшеліктерін және оқиғаларын байланыстыру керек. Әрбір мәдени 
элемент ӛзі бір бӛлігі болып табылатын мәдениеттің ерекшеліктерімен ара 


қатынаста болу қажет. Бұл элементтің құндылығы мен мәні тек қана қандай да 
бір мәдениеттің астарында қаралуы мүмкін. Мәдени релятивизмге сәйкес жеке 
мәдени жүйенің нақтылы элементтері дұрыс және жалпылама қабылданған 
болып табылады, ӛйткені олар ӛздерін дәл осы жүйеде жақсы кӛрсетті; ал 
басқалары дұрыс емес және қажетсіз деп саналады, ӛйткені оларды қолдану осы 
қоғамда немесе осы әлеуметтік топта ауру мен жанжалды салдарды туғызар еді. 
Қоғамда мәдениетті қабылдау мен дамытудың ең тиімді жолы - 
этноцентризм
мен белгілердің және 
мәдени релятивизмнің
сәйкес келуі, жеке адам ӛз 
тобының немесе қоғамының мәдениеті үшін мақтаныш сезімін сезіне отырып 
және осы мәдениеттің негізгі үлгілеріне жолын қуушылық ойын айта отырып, 
сол уақытта басқа әлеуметтік топтардың ӛмір сүруге құқы бар екенін мойындай 
отырып, сол топтар мүшелерінің мінез-құлқын, мәдениетін түсінуге қабілетті 
(Әлеуметтану. – 2 т. Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы, - Алматы: Қазақ 
университеті, 2005. – 275 б.).
Этномәдениет мәселесімен шұғылданушы отандық ғалымдардың бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет