Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет17/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
Госсеннің екінші заңы: барлық тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген игіліктер жиынын тұтынудан максимум пайдалылық алады.
2. Енді кардиналистік (сандық) тұжырымдамаға қарсы шыққан ординалистердің (реттілік теориясын жинақтаушылар) қағидаларының негізгі элементі ретінде талғамсыздық қисығына толық тоқталайық. Талғамсыздық қисығы – бұл тұтынушы үшін құндылықтары бірдей екі игіліктің әр түрлі құрамдағы комбинациясын көрсететін сызық.
Тұтынушының таңдауы барлық тауарларға да қатысты болғанымен түсінікті болу үшін екі тауарды ғана қарастырамыз: Х және У тауары. Х тауарын горизонталь, У тауарын вертикаль осьтің бойына саламыз (3.2-сурет).

Талғамсыздық қисығының бойындағы А1, А2, А3, А4 тауарлар жиынының кез - келгенін тұтынудан алатын тұтынушы қанағаты бірдей болады, олардың қайсысын алса да тұтынушы бірдей пайдалылық алады.


Көптеген талғамсыздық қисығының жиынтығы талғамсыздық қисығының картасы деп аталады.
Талғамсыздық қисықтары бірқатар қасиеттерге ие:

    • олар бір-бірімен қиылыспайды;

    • координата басынан алшақтаған сайын оның бойындағы тауарлар жиынының тұтынушы үшін пайдалылықтары арта түседі;

    • талғамсыздық қисығының бойындағы тауарлар жиыны тұтынушыға бірдей пайдалылық әкеледі;

    • талғамсыздық қисықтары бір-біріне параллель орналасады.

Талғамсыздық қисығының бойындағы тауарлар жиынының тұтынушы үшін пайдалылықтары бірдей болғандықтан тұтынушы А1 жиынын А2 жиынына, А2 жиынын А3 жиынына оңай, еш шығынсыз ауыстыра алады. Тұтынушының талғамсыздық қисығының бойындағы бір тауарлар жиынынан екіншісіне ауысу ауыстыру аймағы деп аталады.
Талғамсыздық қисығының бойындағы бір игілікті екінші игіліктің қанша бірлігі ауыстыратынын білу үшін ауыстырудың шекті нормасы (MRS – marginal rate of Substitution) ұғымы қолданылады. Бұл көрсеткіш Х тауарының қосымша тағы бір бөлігін тұтыну үшін тұтынушының У тауарының қанша бірлігінен бас тартатынын көрсетеді:

мұндағы , - сәйкесінше Х және У тауарларын тұтыну көлемінің өзгеруі. Теріс таңбалы болуы тұтынылатын игіліктің бірін арттырғанда екіншісінің бір бөлігін тұтынуды азайтатындығымен түсіндіріледі. Мысалы, тұтынушы бастапқыда А1 жиынындағы тауарларды тұтынды делік. Енді ол Х тауарын тұтынуды тағы 5 бірлікке арттырмақшы. Бұл жағдайда тұтынушының У тауарларының қанша бірлігінен бас тартатындығын анықтайық:

Яғни тұтынушы Х тауарының қосымша бір бірлігін пайдалану үшін У тауарының екі бірлігінен бас тартады.
Талғамсыздық қисықтарының нышаны тұтынылатын 2 игіліктің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады.


3. Егер қаражат шектеусіз болса, ол ең көп пайдалылық әкелетін тауарлар жиынын ойланбастан ала беретін еді. Дегенмен, оның осылайша таңдау жасауына бюджеттің шектеулілігі кедергі келтіреді.
Тұтынушы таңдауының оның бюджетінен тәуелділігін жан-жақты талдап көрсету үшін бюджет шектеулілігі моделі қолданылады. Алдымен тұтынушының белгілі бір уақыттағы, айталық бір айдағы табысын І әрпімен, сатып алынатын Х және У тауарларының бағасын сәйкесінше Рх, Ру әріптерімен белгілейміз. Тұтынушының Х тауарын сатып алуға жұмсаған қаражатын Рх· Х, ал У тауарына жұмсаған қаражатын Ру· У десек, ол жалпы көлемі
Рх· Х, + Ру· У болатындай соманы екі игілікті алуға жұмсайды. Осыдан барып бюджет шектеулілігінің мәні шығады: тұтынушының Х және У игіліктеріне жұмсайтын ақша сомасы оның табысынан аспауы керек. Тұтынушы бюджетінің теңдеуі Рх· Х, + Ру· У=І түрінде болады. Мысалы, тұтынушыға ай сайын 50 000 теңге көлемінде табыс келеді делік. Ол осы ақшаны Х және У тауарларын алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы 2000 теңге, У тауарының бағасы 5000 теңге десек, бюджет теңдеуін мына түрде көрсетуге болады: 2000Х + 5000У = 50000
Егер тұтынушы айлық табысының барлығын Х тауарын алуға жұмсаса, бюджет теңдеуі Рх· Х=І түрінде болады. Бюджет шектеулілігінің графигі түзу сызық түрінде беріледі (4.1-сурет).

Бюджет сызығының ОХ және ОУ координаталарымен тұтынушы табысына , сәйкес Х және У тауарынан макимум қанша келетіндігін көрсетеді. Енді бюджет шектеулігіне әрі қарай талдау жүргізу үшін бюджет теңдеуін түрлендірелік:


; ; ,
мұндағы - бюджет сызығының көлбеулік бұрышының мәні.
Тұтынушы табысының және тауар бағаларының өзгеруі бюджет сызығының көлбеулігінің мәніне әсер етеді. Мәселен, тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты бюджет сызығы параллель оңға немесе солға қарай орын ауыстырып отырады. Бюджет сызығының орын ауыстыруына, ал мұның өз кезегінде сызықтың көлбеулігінің өзгеруіне, Х және У тауарлары бағаларының арзандап-қымбаттауы да әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет