Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет31/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

са 
Р 
F
1
 
F
2
 
х 

rrPP 
Бұршақ пiшiндi 

RRpp 
Раушангүл пiшiндi 
RrPp 
Жаңғақ пiшiндi 
9/16 R-P- 
Жаңғақ пiшiндi 
3/16 R-рр 
Раушангүл пiшiндi 
3/16 rrP- 
Бұршақ пiшiндi 
1/16 rrpp 
Жапырақ пiшiндi 


Мысалы, асқабақта бiр-бiрiне тәуелсiз, бiрақ жемiстiң пiшiнiне бiрдей әсер ететiн екi 
доминантты ген болатындығы анықталған (олар 
S
және 
D
деп белгiленедi). Егер осы екi 
S
және 
D
доминантты гендерi бiрге болса, онда дискi пiшiндi, доминантты геннiң бiреуi ғана болса шар 
пiшiндi, ал екi геннiң де доминантты аллельдерi болмай тек рецессивтi аллельдерi ғана болса, 
жемiстер сопақ пiшiндi болып шығады. Шар пiшiндi жемiстерi бар өсiмдiктердi өзара 
будандастырғанда, 
F
2
-де жемiстердiң пiшiндерi 9/16 дискi пiшiндi : 6/16 шар пiшiндi : 1/16 сопақ 
пiшiндi болып ажырайтындығы байқалады. 
Гендердiң комплементарлық әсерiнен кейде гибридтерде бастапқы ата-аналық 
формаларында жоқ жаңа қасиет пайда болады. Ондай жаңа белгi немесе қасиет сол жануарлар 
түрiнiң жабайы тегiне тән болып шығады. Мысалы, тышқандардың жабайы тегiне тән - жүнiнiң 
сұр болуы, т.б. Табиғи жағдайда комплементарлы гендердiң ондай әсерлерi табиғи сүрыптау 
нәтижесiнде бiр генотипте сақталып отырады. Ал жабайы жануарлар мен өсiмдiктердi мәдени 
түрге айналдыру кезiнде, будандастыру мен қолдан сұрыптау, комплементарлы гендердi айырып 
жiбередi. Сондықтан будандастыру кейде жабайы тектерiне тән белгiлердiң қайта пайда болуына 
мүмкiндiк туғызады. 
Асқабақ жемiсiнiң пiшiнiн анықтайтын комплементарлы гендердiң әсерi 
2 Эпистаз 
Бiр геннiң әсерiн екiншi геннiң толық басып тежеуiн, оның көрiнуiне мүмкiндiк бермеуiн 
эпистаз
деп атайды. Басқа гендердiң әсерiн басып тастайтын гендердi 
супрессор
(
S
) немесе 
ингибитор
(
I
) деп те атайды. Ондай гендер тiрi организмдердiң бәрiнде де кездеседi. Белгiнiң 
көрiнуiне мүмкiндiк бермейтiн гендер - 
эпистаздық гендер
деп, ал әсерi басылып тасталынатын 
гендер 
гипостаздық гендер
деп аталады. 
Эпистаздық гендер рецессивтi де, сол сияқты доминантты да болуы мүмкiн. Осыған 
байланысты эпистаз 
рецессивтi
және 
доминантты
болып екiге бөлiнедi. Егер бiр геннiң 
рецессивтi аллелi гомозиготалы күйiнде екiншi геннiң доминантты немесе рецессивтi аллелiнiң 
көрiнуiне мүмкiндiк бермесе (
аа>B

aa>вв
), гендердiң ондай әрекеттесуiн 
рецессивтi эпистаз
деп 
атайды. Жоғарыда гендердiң өзара комплементарлы әрекеттесулерiнiң мысалы ретiнде келтiрiлген 
9:3:4 ажырауын рецессивтi эпистаз ретiнде де қарастыруға болады. Ол мысалда тышқандардың 
сұр, қара және ақ түстерiнiң қалайша тұқым қуалайтындығы айтылған. Мұнда бiр геннiң 
рецессивтi аллелi гомозиготалы күйiнде (
сс
) екiншi доминантты геннiң (
А-
) көрiнуiне және осы 
геннiң рецессивтi гомозиготасының (
аа
) көрiнуiне мүмкiндiк бермейдi, яғни эпистаздық жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет