Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Тұқым қуалайтын өзгергіштікті туғызатын факторлар



Pdf көрінісі
бет61/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Тұқым қуалайтын өзгергіштікті туғызатын факторлар 
Тұқым қуалайтын өзгергіштікке сыртқы ортаның әсері туралы проблема биологияда өте 
ерте уақыттан бастап қалыптасқан. 
ХVIII ғасырда Вольф, ХІХ ғасырдың басында Ламарк сыртқы ортаның тұқым қуалайтын 
өзгергіштегі ролі туралы ережелерін ұсынды. Ғылыми түрде негізделген бірінші 
зерттеулер 20 ғасырдың басында қалыптасты. Олар t
0
, УФ –сәуле, химиялық зттар 
жануарлар мен өсімдіктерге бағытталады. Зерттеу барысында эксперимент жүргізушілер 
мынандай міндеттерді шешті:
1.
тұқым қуалайтын өзгергіштік туғызатын физиологиялық және биохимиялық 
процестерді түсіну
2.
мутацияның табиғатын тексеру 
3.
тұқым қуалаудың бірлігі ретіндегі генді зерттеу 


осы сұрақтарды зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер (физиологиялық, химиялық, генетикалық, 
цитологиялық) қолданылды. 
Генетикалық әдіс көмегімен шыққан мутацияның жиілігі, сипаты, химиялық, 
физикалық табиғаты зерттелді. Цитологиялық және цитогенетикалық тәсіл арқылы 
әртүрлі агенттер әсерінен хромосомалардың өзгеру сипаты қарастырылды. Осылардың 
бірі иондаушы сәулелер, жеклей айтқанда рентген сәулесі – кроссинговерге әсерін 
тигізетіні, хромосомалардың ажырамауына, бір клетканың құрылымының екінші клеткаға 
ауысуына, клетканың қалыпты жағдайын бұзатыны белгілі болды. 
Біздің елімізде Надсон мен Филипов 1925ж. Радий сәулесінің саңырауқұлақтардың 
тұқым қуалайтын аппаратына әсерін зерттеді. Рентген сәулесін әсер етіп 1927 жылы 
дрозофилаға зерттеу жүргізген ғалым Меллер болды. Ол сәулелендіру мутация жиілігін 
спонтанды мутацияға қарағанда 100-ден жоғарлататындығын дәлелдеді. Сондықтан тек 
рентген сәусесі ғана емес организмді қалыпты жағдайдан шығарып жіберетін кезкелген 
жағдай әртүрлі дәрежеде мутаген бола алады. Сонымен тұқым қуаоайтын өзгергіштік 
организм мен сыртқы орта арасындағы тепе- теңдік бұзылу салдарынан туатынтығында 
күмән жоқ. Мутагенді факторлардың әсер ету сипатыорганизм және оның клеткаларының 
жағдайына байланысты. Ионды агенттердің әсер ету салдары, сәулемен зақымдану күшіне 
байланысты, адамды өлімге әкелуі мүмкін. Сәулелендіру жыныс клеткаларын қамтып 
өтеді. Аз дозадағы иондаушы сәуле мутация жиілігін жоғарлатып жібереді. әртүрлі 
аурулар туғызатын мұндай мутация адам баласына қасірет әкеледі. Сонымен қатар 
иондаушы сәулелерді селекция жұмысы мен медицинада практикалық нәтижелер алу 
үшін және көптеген биологиялық құбылыстарды шешу үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет