Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Талқылауға арналған сұрақтар. 
1. Өзгергіштік дегеніміз не? 
2. Өзгергіштікті жіктеңіз. 
3. Генотиптік өзгергіштік пен фенотиптік өзгергіштіктің арасында қандай айырмашылық 
бар? 
4. Мутацияның түрлерін атаңыз. 
5. Мутагендік факторларға нелер жатады? 
6. Полиплоидия және анеуплодия дегеніміз не? 
Олар мутацияның қай түріне жатады? 
Дәріс 12. Хромосомалық және гендік мутациялар. 
Дәрістің мақсаты: 
Студенттерді мутация туралы жалпы кіріспе, оның негізгі түрлері мен 
пайда болу себептерімен таныстыру. 
Кілтті сөздер: 
мутация, ген, хромосома, геном,
 
трансверсия, транслокация, дефишенсия, 
делеция, дупликация.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар 
1.
Гендік мутация 
2.
Хромосомалық мутациялар 
3.
Геномдық мутация 
Гендік мутация 
Мутацияның мұндай түрі жекелеген гендерде болады және жиі кездеседі. 
Организмнің көптеген морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық белгі – 
қасиеттерінің өзгеруі осыған байланысты болады. 
Белгінің өзгеру бағытына қарай гендік мутацияның бес түрін ажыратады: 
гиперморфты - өзінің бақылауымен синтезделетін заттар мөлшерінің артуы есебінен ген 
қызметінің күшшейуі, гиперморфты жабайы типтің аллелі арқылы бақыланатын 
биохимиялық өнімдер мөлшерінің азаюы есебінен ген қызметінің әлсіреуі; неоморфты – 
жабайы типтің генінің бақылауымен синтезделетін өнімнен өзгеше заттардың түзілуін 


кодтайтын мутантты аллельдің пайда болуы; антиаморфты – жабайы типті аллельдің 
қызметіне қарама – қарсы. 
Гендік мутация организмнің белгілерін көбінесе шамалы ғана өзгертетіндіктен оны 
«шағын» мутацияға жатқызады. Ол табиғи жағдайда түрлердің эволюциялық тұрғыда 
икемді болуына мүмкіндік туғызады және селекциялық жұмыста өсімдіктердің жаңа 
сортын, жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын алу үшін 
қажетті материал ретінде пайдаланылады.
Гендік мутацияның негізінен екі түрін ажыратады: азотты негіздердің орын 
ауыстыруына және бір азотты негіздің ДНК құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме келіп 
қосылуына байланысты болатын мутациялар. Мұндай өзгерістерді нүктелік мутация деп 
те атайды. Олар мынандай жолдармен жүреді:
1. Бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің басқа біреурімен ауыстырылуы. 
Мұны транзиция деп атайды. 
А Г, Т Ц 
2. Пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру. Оны трансверсия деп атайды.
А Т, А Ц, Г Ц, Г Т 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет