Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Дәріс 15. Селекцияның генетикалық негізі



Pdf көрінісі
бет70/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Дәріс 15. Селекцияның генетикалық негізі
 
Дәрістің мақсаты: 
Студенттерді слекцияның генетикалық негіздерімен, селекция үшін 
бастапқы материалдарды алу жолдарымен таныстыру. 
Кілтті сөздер:
Негізгі қарастырылатын сұрақтар 
1.Селекцияға жалпы кіріспе. 
2. Селекцияға қажетті бастапқы материалдар алу 
3. Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлері 
Селекция 
сөзінің өзін қазақ тіліне аударғанда сұрыптау деген мағына береді. Бірақ оның 
мәні тек сұрптаумен шектелмейді. Селекцияның міндеті жнуарлардың жоғарғы өнімді 


тұқымдарын өсімдіктердің сорттарын, микроорганиздердің штаммдарын шығару және үй 
жануарларымен мәдени өсімдіктер эволюциясының зандылықтарын зерттеу. 
Н. И. Вавиловтың айтуынша селекция мынандай негізгі бөлімдерден тұрады: 
1. Селекциялық жұмыстың объектілері болып есептелетін өсімдіктердің, 
жануарлардың және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік құрамын зерттеу. 
2. Гибридция және мутациялық процесс жағдайында пайда болатын тұқым 
қуалайтын өзгергіштіктің заңдылықтарына талдау жасау. 
3. Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің белгілері мен 
қасиеттерінің дамуындағы сыртқы ортаның ролін зерттеу. 
4. Организмнің бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттердің бекіп дамуына 
жағдай жасайтын қолдан сұрыптаудың жүйесін құру. 
Селекцияға қажетті бастапқы материалдар алу, тұқым, сорт, штамм 
Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен 
эволюциясын зерттемей тұрып жануарлар мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің 
қазіргі бар формаларын жанарту, жақсарту мүмкін емес. 
Өсімдіктердің дүние жүзілік ресурстарын зерттей отырып
Н. И. Вавилов басты - басты мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын
8 ошаққа бөлді, индиялық ошақ – күріштің, қант қамысының, цитрустардың отаны, орта 
–азиялық - бидайдың, бұршақтың және басқа дақылдардың отаны, Қытай - дәнді дақылдар 
(тары, қарамық, сояның ), алдыңғы азиядан бидайдың және қарабидайдың көптеген 
формалары және жеміс жидектердің біраз түрлері шыққан. Одан басқа жерорта теңізі, 
абиссина, оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка ошақтары бар.
Үй жануарларын да, осы сияқты ошақтардан таратуға болады. Тұқым, сорт және 
штамм дегеніміз белгілі бір тұқым қуалайтын ерекшеліктері бар, адам қолдан жасап 
шығарған организмдердің популяциясы. Бір тұқымның, сорттың немесе штаммның 
ішіндегі дарақтардың тұқым қуалаушылық жағынан бекіген, ұқсас, ортақ қасиеттері 
болады. Олар беретін өнімі, физиологиялық және морфологиялық қасиеттердің белгілі бір 
жиынтығы және сыртқы орта факторларына бір типті жауап беруі. Мысалы, Леггорн 
тұқымына жататын тауықтардың салмағы төмен, бірақ жұмыртқалағыштығы жоғары 
келеді 
азықтандыру 
және 
күтім 
жағдайларын 
жақсартқанда, 
олардың 
жұмыртқалағыштығы артқанымен салмағы онша өзгермейді. Ал
лангшан 
тұқымына 
жататын 
тауықтардың 
керісінше 
салмағы жоғары 
да, 
жұмыртқалағыштығы төмен. Күтім жағдайын жақсартқанда олардың салмағы артады да, 
жұмыртқа беру мөлшерінде өзгеріс онша болмайды. Сонда әр тұқымның өзіне тән тұқым 
қуалайтын қасиеттері бар. 
Қандай болмасын тұқым, сорт, штамм одан белгілі бір өнім алу мақсатында 
шығарылады. Қазіргі кезде жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің 
жоғары өнімді формаларын алуда селекция едәуір жетістіктерге жетті. Мысалы, сиырдың 
голштинофриз тұқымы 365 күнде майлылығы орта есеппен 5,1 % 16702 кг. сүт берген. 
Селекционер академик В.С.Пустовойт шығарған күнбағардың майлылығы 50 % -ке дейін 
жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет