Түр, популяцияда өте тез жүріп жатқан генетикалық өзгерістердің негізінде,
біртіндеп қосылып және экологиялық сыртқы ортаға сұрыптауымен бейімделеді,
сондықтан оны жекеленген сұрыптаудың әрекеті тұрғысынан түсіндіріге болмайды.
Түр құрайтын жеке особьтар тұқым қуалаушылық қасиеттері жағынан алғанда
біркелкі болмайды. Әрбір организм түрге тән ортақ белгілергеие, сонымен бірге өзіндік
генотиптік ерекшеліктері де болады. Түрдің барлық генотиптік информациясын, яғни
түрдің эволюциясы процесінде қалыптасқан гендердің толық жиынтығын түрдің
генофондысы деп атайды.
Түрлерді жабық генетикалық
система тұрғсынан қарасақ, популяцияны
генетикалық ашық система деп қарайды. Сондықтан түрлердің шығу процесі жалпы
алғанда генетикалық ашық система деп қарайды. Сондықтан түрлердің шығу процесі
жалпы алғанда генетикалық ашық системадан генетикалық жабық системаға айналуды
көрсетеді. Тұқым қуалау процесінің дискреттілігіне қарағанда организмнің өзгергіштігі
үздіксіз сипатта, ал эволюциялық процесс шексіз популяция оның элементарлық бөлігі.
Генетикада
популяцияның
маңызын
көрсетуге
С.
С.
Четвериковтың
жұмыстарының маңызы болды. Ол 1926 жылы «Қазіргі кездегі генетика тұрғысынан
эволюциялық процестің кейбір моменттері» деген еңбегінде, популяцияның генетикалық
структурасы туралы ілмді анықтады, популяцияның
тұқым қуалау процесіндегі
генетикалық анализдің методтары жете зерттеліп және барлық эволюциялық жағдайлар
популяцияның ішінде болып жатады, губка тәрізді мутациямен тола. Осы жұмыстан кейін
Н. П. Дубинин, С.Райт және басқа ғалымдар көптеген эксперименталды және теориялық
зертеулер жүргізді, осы жұмыстардың нәтижесінде популяциялық генетика ашылды.
Популяциялық генетика микроорганизмдер мен өсімдіктердің, жануарлардың
табиғатта және эксперименталдық популяцияда пайда болған жаңа түрлердің генетикалық
динамикасының заңдылықтарын зерттейді.
Организмнің эволюциясы популяциядағы бір генотиптердің екінші генотиптермен
үздіксіз алмасуы нәтижесінде жүзеге асып отырады. Популяциядағы гентикалық
өзгергіштер мутациялық және комбинациялық өзгергіштіктердің қосындысынан тұрады.
Әрбір популяция генофондысымен, генетикалық құрылысы, хромосомалар жұбының
құрамы және әртүрлі гендер санымен қасиеттеледі.
Популяцияның генетикалық
құрылысы оның қасиетін анықтайды. Популяцияның құрамына, жетілуімен жекленуіне,
көптеген факторлар әсерін тигізеді:сұрыптаудың дамуы мен барысы, көбею әдістері
мутациялық өзгергіштіктердің қарқыны, особьтардың саны, әртүрлі түрлердің жекленуі.
Осылардың ең негізгісі- сұрыптау. Популяцияның құрылымымен генетикалық
процестерінекөбею әдістері көп әсер етеді. Осыған байланысты
өздігінен және айқас
тозаңданатын өсімдіктердің популяцияларының бір- бірінен елеулі айырмашылықтары
бар.
Популяцияға анықтама бере отырып, «өте маңызды қасиеттерінің бірі
особьтардыңбірімен бірінің ерікті шағылыса алтын мүмкіншілігі»- деп айтылған еді. Егер
белгілі бір түрдің особьтар жиынтығы өздігінен тозаңдану арқылы көбейсе, онда айқас
тозаңданумүмкіншілігі бұл өсімдіктерде болмайды. Бірақ табиғатта тек қана өздігінен
тозаңдану арқылы көбейетін өсімдіктердің түрлері жоқ. Тіпті тек қана өздігінен
тозаңданатын, жабық гүлді
өсімдіктер сирек боладыда, өзге өсімдіктің тозаңымен
тозаңдану мүмкіншіліктері болып отырады. Сондықтан өздігінен тозаңданатын өсімдіктер
тобында кейбір жекелеген линиялар гентикалық материалдарымен алмасып пайда болған
тұқым қуалайтын өзгерістерді бірінен біріне жеткізе алады. Алайда өздігінен
тозаңданатын өсімдіктердің тұқым қуалау өзгергіштігінің бір особьтан екіншісіне берілу
жылдамдығы мен жиілігі баяу, сондықтан линиядан популяцияға айналу жолы өте ұзақ,ол
түрдің тіршілігі кезеңінде жүзеге аспауы да мүмкін.
Өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің арқайсысы бір жұп аллельді гомозиготты екі
линиядан АА және аа тұрады делік. Бұл гендермен анықталатын белгілерді анықтауға
болмайды. Осы екі генотип бірімен бірі шағылыспайынша, немесе мутация пайда
болмайынша популяцияда генотиптер өзгеріссіз сақталып отырады. Бірақ жоғарыда
айтып кеткен мүмкіншіліктер бойынша Аа гетерозиготты осбь пайда болуы тиіс. Аа
өздігінен тозаңданатын жағдайда АА Аа және аа гентиптері популяцияны құрайтын
болады. Енді өздігінен тозаңданатын популяциялар жаңа
генотиптің құрылуына қалай
әсер ететіндігін қарастырайық.
АА және аа осбьтары өздігінен тозаңдана отырып, өз генотиптерін қай талап
отырады. Гетерозиготалы өсімдіктер өздігінен тозаңданғанда гетерозиготалы және
гомозиготалы особьтар құрайды да, бірінші генотиптің саны келесі тұқымдардп азайып
отырады. Бұл мына схемадан көрінеді:
Р Аа х Аа
F
1
АА / 2 Аа
F
2
4АА 2АА + 4АА + 2аа 4аа не/се 3АА + 2Аа + 3аа
/ 2
п-1
/ АА : 2Аа : / 2
п-1
/ аа
п- тұқымдар саны
Гетерозиготалы тұқымның саны өзгермейді де, ал гомозиготалы особьтардың саны
үздіксіз өсі потырады. Мутация немесе шағылысу арқылы
пайда болған гетерозиготалы
формалар бітіндеп популяциядан шығып қалады. Егер алғашқы өсімдіктердің екеуі де
гетерозиготалы болса, екі жұп аллельді гендер бойынша, мысалы А – а және В – в, 20 –
сыншы тұқымнан кейін популяция 4 таза линиялардан тұрады: АА, аа, ВВ, вв. Сонымен
бірнеше тұқым бойынша сұрыптау нәтижесінде өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің
популяциясы летальды және керексіз гендерден тез босайды да, өзінің генофондысына
сапалы, сыртқы ортаға төзімді гендерді ғана сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: