Ген туралы қазіргі көзқарастың жедел дамуына америка физигі әрі генетигі
С.Бензердің жүргізген зерттеулерінің көп әсері болды. Соның негізінде генетикада геннің
бөлінуі және оны құрайтын біршама бірліктердің қызметтері жайлы түсініктер
қалыптасты.
Т4 фагымен жүргізген тәжірибелерінде Бензер бұрын дрозофилада белгілі
болғандай геннің толып жатқан өте ұсақ, рекомбинациялану қабілеттері бар бірліктерден
тұратынын дәлелдеді. Геннің бойындағы нуклеотидтердің бірізді болып орналасуы
олардың ДНК молекуласындағы орналасуының көрінісі екендігі анықталды.
Қазіргі тұрғыдан алғанда ген – белок молекуласының бір полипептидті тізбегіндегі
амин қышқылдарының орналасу ретін бақылайтын ДНК молекуласының бір бөлімі. Ол
организмнің дамуында өзіндік әсері бар хромосоманың бір локусы (бөлімі) болып
есептеледі.
Ген – түрлі бөліктерге бөлінетін, күрделі молекулалы – биологиялық құрылым. Ол
төменгі бірліктер - нуклеотидтерден тұрады. Олардың саны мен орналасу реті әрбір жеке
геннің ерекшелігін сипаттайды. Кез – келген геннің өзіне тән молекулалық массасы және
нуклеотидтерінің саны болады. Геннің мөлшері өзінің бақылауымен синтезделетін
белоктың мөлшеріне байланысты. Көпшілік белоктардың құрамына шамамен 300-500
амин қышқылдары енеді. Егер нуклеотидтердің бір жұбының молекулалық массасы 660 -
қа тең екенін ескерсек, ал орташа ген 1500 нуклеотидтер жұбынан тұратын болса, онда
геннің молекулалық массасы 1000000 шамасында болып шығады. Есептеулер бойынша
шамамен пішен таяқшасында 10
3
, дрозофилада 10
5
, ал адамда 10
7
гендер бар.
Тұқым қуалаушылықтың элементі ретінде ген хромосоманың құрамына енеді.
Әрбір ген тек біртұтас генотип жүйесінде ғана, қызмет атқара алады. Гендер организмдегі
биохимиялық және морфологиялық жіктелу (дифференцировка) процесстерін анықтайды.
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметін зерттеудегі және генетикалық
эксперименттің техникасын жетілдірудегі қол жеткен табыстар гендерді таза күйінде
бөліп алуға, сол сияқты оларды химиялық жолмен синтездеуге мүмкіндік туғызды.
Геномның құрамындағы жүздеген, мыңдаған гендердің ішінен бір генді бөліп алу
өте күрделі нәрсе. Оны тұңғыш рет 1969 ж. америка оқымыстысы Дж.Беквит жүзеге
асырды. Мұнда Фагтің бактерия хромосомасына өту қабілеті пайдаланылды. Екі туыстас
фаг - лямда ( λ ) мен q 80. Е.Соli бактериясы хромосомасының екі нүктесінде орналасқан.
Соларға көршілес нүктеге фермент – β галактозидазаны бақылайтын ген апарылған
(транслокацияланған). Содан кейін арнайы ферменттің көмегімен ол ген яғни ұзындығы
1,4 мкм – дей ДНК бөлшегі бөлініп алынған.
Қазір генді бөліп алу жөніндегі эксперименттер әрі қарай дамытылып оның
жетілдірген жаңа әдістері ойластырылуда.
1972 ж. Көптеген елдерде қан гемоглобині құрамына енетін белок – глобиннің
түзілуін бақылайтын генді ферментативтік жолмен синтездеу жөнінде тәжірибелер
жүргізіле бастады. Матрица ретінде қоян мен тышқан клеткалары гемоглобинінің
информациялық РНК - сы пайдаланылды. Осындай
и
РНК матрицасында кері
транскриптаза ферментінің көмегімен тиісті ген синтезделеді. Алынғн жасанды ДНК
молекуласының мөлшері матрица болған
и
РНК мөлшеріне сәйкес болды.
Жасанды гендердің табиғи гендерге ұқсастығын дәлелдеу үшін олардың
биологиялық активтілігі тексеріледі. Мсыалы, америкада Массачусетс технологиялық
институтында қарапайым бактерия гені қолдан синтезделген. Оны тірі бактерияға апарып
салғанда табиғи ген сияқты қызмет атқарған.
Қазіргі кезде гендерді ферментативтік жолмен синтездеу көптеген елдерде кеңінен
жолға қойылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: