Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру 
Қазіргі таңда табиғат ресурстарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау 
- әрбір қазақстандық азамат үшін үлкен жауапкершілікке айналуы тиіс. 
Себебі, экология мәселесі күрделене түседі. Біз ӛсімдіктер мен жануарлар 
түрлерінің неге азайып бара жатқандығын терең зерттеуіміз қажет және әрбір 
жас қазақстандық бұл мәселе жӛнінде ойлану қажет. "Жасыл экономиканы" 
дамыту индустрияландырудың негізі ретінде экологиялық сұрақтардың 
маңыздылығын арттырады. Жастар жаңа экологиялық этиканы ұстанушылар 
болуы керек, туған жері мен оның табиғи байлықтарына жанашырлықпен 
қарауы тиіс. Осы мақсатта елімізде түрлі әлеуметтік идеялар мен жобалар 
жүзеге асырылуда. Мәселен, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш 
Президенті - Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүдделері үшін жаһандық 
проблемаларды локалды шешу» тақырыбына республикалық Әлеуметтік 
идеялар мен жобалар конкурсын жариялады. [19] Бұл байқауды ұйымдастыру 
арқылы адамдардың күнделікті экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған 
ортаға және табиғи ескерткіштерге саналы және ұқыптылықпен қарауды 
қалыптастыру, қоқыс жинау, кӛркейту және ормандарды, ӛзендерді, 
бұлақтарды, су қоймасы мен олардың жағаларын тазалау;жануарларға 
қатыгездік танытудың алдын алу,орман ӛрттерінің алдын алуға және (немесе) 
сӛндіруге қатысу, электр қуатын үнемдеу және экологияны от түтінімен 
ластамау, мектеп оқушыларына макулатура жинату және тұтыну саналығын 
әдеттендіру, мектеп оқушыларына экологиялық білім беру жүйесін енгізу, 
мектеп оқушыларына арналған экологиялық білім беру бағдарламаларын 
әзірлеу.
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. 
Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, 
бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда 
туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және 
климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи 
құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар 
жасалды. Елбасы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның 
тұрақтылығы мен ӛркендеуінің негізі» тақырыбындағы Халыққа Жолдауында 
«Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың 
маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын 
тӛл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару 
тұрғысынан атап ӛткен жӛн.Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым 
жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз 
ету қажет»
,
[10] деген тапсырма берген болатын. 2019 жылы «Ұлытау 2019» 
халықаралық туристік форумы ұйымдастырылды және бұл форумға 
Президентіміз Қ.К.Тоқаев қатысты. Елбасымыз форумда сӛйлеген сӛзінде 
қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні мен киелілігін, сондай-ақ, бұл 
қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және экологиялық туризмді 
дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап ӛтті. Ендеше ӛз басым Жастар 


27 
саясатын дамытудың экологиялық мәдениетін дамытуды туған жерімнен 
бастамақпын.
Жастардың экологиялық мәдениетін дамытудағы тағы бір үлкен 
бағдарлама- «Жасыл ел». «Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» 
Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан 
кешенді бағдарлама. Сол жылы Астана қаласында «Жасыл ел» Жастар еңбек 
жасағының Республикалық штабы құрылып, ұлан-ғайыр мекеннің барлық 
аймағанда бӛлімшелері ашылып, ӛз жұмысын бастап кеткен еді. Аталмыш 
бағдарлама он бес жыл ішінде кӛптеген жастың Отанға деген сүйіс­пеншілігін 
оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-
жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. 2005 жылдан бастап қазіргі 
уақытқа дейін «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасына 200 мыңнан астам 
жастар қатысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет