Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы


 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

1.3 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк жастар 
саясатын iске асыру үшін қажеттi материалдық және қаржылық ресурстар 
есепке алына отырып, Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде 
мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшiн жыл сайынғы қаражатының 
есептiк кӛлемi айқындалып отырады. 
Мемлекеттiк жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету, біріншіден: 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты; екіншіден: 
республикалық және жергiліктi бюджеттер қаражаты; 
үшіншіден: жеке және заңды тұлғалардың ерiктi мүлiктiк жарналары; 
тӛртіншіден: Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған 
ӛзге де кӛздер есебiнен қаржыландырылады. 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен 
мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiндегi iс-шараларды 
қаржыландыру мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс нысанында жүзеге 
асырылады.
Қазақстан 
Республикасындағы 
мемлекеттiк 
жастар 
саясатын 
қалыптастыруға және iске асыруға жастар қатысады, яғни олар Қазақстан 
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған ӛзге де нысандардан басқа, 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға 
және жүргiзуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды iске асыру, 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға ӛтiнiш жасау, жастар 
ұйымдарының аталған органдармен ӛзара iс-қимыл жасау шараларына қатыса 
алады. 
Сонымен қатар, мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жӛнiнде 
жастардың, мемлекеттiк органдарға енгiзетiн ұсыныстарын мемлекеттiк 
органдар ӛз ӛкілеттіктерiне сәйкес қарайды және ол Қазақстан 
Республикасының заңдарында айқындалған тәртіпке негізделеді. 
Аталған ұсыныстарды қарау үшiн қаржы қаражатының есебi, ақпарат 
жинау, құжаттардың жобаларын әзiрлеу үшін, қажет болған жағдайда 


31 
мемлекеттiк органдар ақпараттық кӛмектi жүзеге асырады, сонымен қатар 
аталған ұсыныстарды енгiзген жастар мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi 
ӛкілдерiмен кеңес беру шараларын ұйымдастырады.
Қазақстан 
Республикасындағы 
мемлекеттiк 
жастар 
саясатын 
қалыптастыру және iске асыру саласында кеңес беру мен iс-қимылдарды 
үйлестiру үшiн Мемлекеттiк органдар жастар ұйымдарын олардың келiсiмiмен 
тартуға толық құқылы.
Мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру жӛніндегі іс-шараларды жүзеге 
асыру аясында жастар ұйымдары мемлекеттiк органдармен ынтымақтасады 
әрі олардың уәкiлеттi ӛкiлдерi мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру 
жӛнiндегi кеңесшi органдардың құрамына кiреді.
Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бiрлесе отырып, екi 
жылда кемiнде бiр рет мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және iске 
асыруға тарту мақсатында жастарды уәкілеттi орган жалпы республикалық 
Қазақстан жастары форумына - Қазақстан Республикасының жастары мен 
жастар ұйымдарының уәкiлеттi ӛкілдерiнің форумына шақырып отырады.
Республикалық Қазақстан жастары форумын ӛткiзу тәртiбi, Қазақстан 
Республикасы Үкiметінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру 
жӛнiндегi консультациялық-кеңесшi органының ұсынуы бойынша Қазақстан 
Республикасының Үкiметi бекiтетiн жалпы республикалық Қазақстан жастары 
форумы туралы ережесіне сай белгiленедi. 
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске 
асыру туралы ұсынымдар әзiрлей және ӛз құзыретi шегiнде жастарға үндеу 
қабылдай алады. 
Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер 
Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтiк қолдау мақсатында 
әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады. Бұл әлеуметтiк қызметтер жұмысының 
бағыттары тӛмендегідей:
Біріншіден: психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтiк, 
заңдық кӛмектi жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мeн басқа да 
жастарға кеңестер беру; 
Екіншіден: ӛздерінің тәни кемiстiктерiне байланысты қолайсыз 
жағдайларға тап болған адамдарға әлеуметтiк кӛмек кӛрсету; 
Үшіншіден: жас отбасыларға әлеуметтік кӛмек беру; 
Тӛртіншіден: оқу және еңбек ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау; 
Бесішіден: қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған 
азаматтарға, мiнез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған жастарға әлеуметтiк 
кӛмек қолын созу; 
Алтыншыдан: жастар арасындағы арнаулы білім беру ұйымдарынан 
және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, 
нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден ӛткен адамдарды, 
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ адамның 


32 
иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын 
жастарды әлеуметтiк қалпына келтiру, оңалту; 
Жетінші: жастардың жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсіптік 
даярлау, құқықтық насихат жүргізу, бос уақытын тиімді ӛткiзу шаралары, 
туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы 
оларды хабардар ету; 
Сегізінші: жастардың тұрғылықты жерi бойынша жасӛспiрiмдер мен 
жастардың аула клубтарын ашу, бос уақытын мазмұнды ӛткiзуiн ұйымдастыру 
барысында жастарға қолдау кӛрсету және жастарға кӛмек беру жӛніндегi 
басқа да функциялар; 
Тоғызыншы: жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен 
қамтылуына кӛмек кӛрсету. 
Осы аталғандардың барлығы Мемлекеттік жастар саясатының 
әлеуметтік басты бағыт-бағдарлары болып табылады. Осы бағыттарды жүзеге 
асыруда мемлекет тарапынан қыруар қаржы бӛлініп, еліміздегі жастардың аз 
қорғалған осал тұстарына ерекше мән беріп, олардың барша адамзатпен тең 
ӛмір сүрулеріне ерекше қамқорлықпен жағдай жасалған. Бұл шаралар 
Республика бойынша балабақшадан бастап қолға алынып, Қазақстандық әр 
азаматтың бақытты, бақуатты ӛмір сүруіне бағытталып жүзеге асырылуда. 
Ал 
жастарға 
арналған 
әлеуметтiк 
қызметтер 
жұмыстарын 
қаржыландыру мәселесі мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін 
кӛзделген мемлекеттiк бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған ӛзге де кӛздердiң есебiнен 
жүзеге асырылады және бұл мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен 
қаржыландырылатын әлеуметтiк қызмет кӛpceтулеpi жастар үшін тегiн 
ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет