38
ІІ БӚЛІМ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі» ММ мемлекеттік жастар
саясатын дамытуды жүзеге асыруы мен ағымдағы жағдайын талдау
Дипломдық жұмысымның екінші бӛлімін Қарағанды облысы Жезқазған
қаласындағы «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі» мемлекеттік
мекемесінде мемлекеттік жастар саясатын дамытуды жүзеге асыруы мен
ағымдағы жағдайына талдау жасадым. Себебі қаңтар- ақпан айларында
дипломалды практиканы осы аталмыш мекемеден ӛттім. Дипломдық
жұмысымды жазу барысында кӛптеген мәліметтер мен ақпараттар жинауда
мекеменің кӛп септігі тиді.
[31]
Жезқазған қаласындағы жастардың саны - 18,380 (14-29 жас
аралығындағы), яғни қала халқының 20,2%-ын құрайды. Ауылдық жастарының
саны - 731, яғни 3,9% (пайыз). (Кеңгір - 585, Малшыбай - 27, Талап - 119). 2017
жылмен салыстырғанда жоғарлаған. (2017ж.- 18311, оның ішінде 643 ауыл
жастары).
Сурет-1 Жезқазған қаласындағы демографиялық салыстырмалы
кӛрсеткіш
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап «Жезқазған қаласының ішкі
саясат бӛлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыс істейді. Штаттық
құрамы 5 адамнан тұрады.
Жастар саясатын іске асыруда үкіметтік емес сектор ӛкілдері үлкен
қолдау кӛрсетуде, олар: «Жас Отан» жастар қанаты, «Жезқазған жастар одағы»
қоғамдық бірлестігі, «Жастар-Болашақ», «Заман Жарғысы», «Спортты дамыту
орталығы» ҚБ-і, «Жезтағылым», «Даму-Ұлытау», «Жезқазған қаласының
волонтерлар клубы», сонымен қатар қаламыздың оқу орындары.
Жастар саясатын іске асырудың негізгі мәселелері Жастар саясаты және
патриоттық тәрбие бойынша кеңесте тұрақты түрде қаралады. Патриоттық
тәрбие мен салауатты ӛмір салтын қалыптастыру үшін, патриоттық, спорттық
және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ӛткізіледі. Іс-шаралар негізінен «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, патриоттық тәрбие беру мен салауатты
ӛмір салтын қалыптастыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, экологиялық
39
мәдениетті қалыптастыру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру,
ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыру, бос уақытты тиімді
пайдалануды ұйымдастыру және жастардың шығармашылық қабілеттерін
жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар
негізінде жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған жастар тұрғын
үймен қамтылған.
Кесте 1
2017-2019 жылдарға арналған жетім балаларды және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету кӛрсеткіші
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды - Жастар
жылы деп жариялауына орай 2019 жылы жыл басында - Жастар жылы
салтанатты түрде ерекше қарқынмен ашылды. Осы атаулы жылға орай жастар
қозғалысының
ӛкілдерімен,
мектеп
басшыларымен, қоғамдық пікір
басшыларымен және үкіметтік емес сектор ӛкілдерімен кездесулер ӛткізілді.
Жастар ресурстық орталығы жасӛспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу мақсатында ай және тоқсан сайын мониторинг жасап
отырады. Мониторингтің кӛрсеткішін ескере отырып, жастар ресурстық
орталығының ұйымдастырумен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының
студенттері құқық қорғау органдары қызметкерлерімен үнемі кездесулер
ӛткізіп отырады. Жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылы ІІБ, жоғарғы оқу
орны және арнайы орта оқу орындарымен бірлесіп 8000 қала жасын қамтыған
50 іс-шара ӛткізілді. Мысалға атап ӛтер болсақ, ювеналды полиция ӛкілдері,
жедел іздестіру тобы, қалалық ішкі саясат бӛлімінің жастар ресурстық
орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жастар арасында нашақорлықтың
алдын алу бойынша тәжірибе алмасу (мектептер, колледждер арасында)»,
«Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың амал-
тәсілдері», «2019 жылы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқық
бұзушылықты болдырмау мақсатында лекциялар оқу, қаңғыбастықпен,
қараусыз балаларды болдырмауда тақырыптық рейдтер жүргізу. Жастар
арасында қылмысты азайту бойынша семинар (2) ӛткізілді.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықпен, тәртіп
бұзушылықты болдырмау мақсатында, зорлық-зомбылық нышандарының
алдын алу жӛнінде мектептер бойынша еркін отрядтар ұйымдастырылды,
(мектептер, колледждер, жоғары оқу орыны)», «Жастар арасында әлеуметтік
шиеленістердің алдын алу (мектептер, колледждер)» іс-шаралары үнемі
жалғасын табуда.
2017 ж. тұрғын үй
алған жетім балалар
саны
2018 ж тұрғын үймен
қамтылғандар
саны
2019 ж тұрғын үймен
қамтылғандар саны
-
4
5
40
Сонымен қатар, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен бірлесе
атқарылатын жұмыстар да ӛз жалғасын табуда. Ағымдағы 2019 жылы 26
маусымда Жастар ресурстық орталығы мен «Company Orleu» ЖШС-нің
ұйымдастыруымен 500 адамды қамтыған «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты
қалалық флешмоб акциясы ӛткізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 09.01.2019
жылдың № 04 – р әкімнің үкімімен 22 адамнан құралған ақпараттық –
түсіндірме тобы құрылды. Жоғарғы және орта арнулы оқу орындарында 47
кездесу ұйымдастырылды оның ішінде 14 кездесу студенттер арасында
ӛткізілді, 15 кездесу мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды, 11 кездесу
ауыл мектептерінде ӛткізілді.
Бүгінгі таңда қоғамда орын алып отырған әлеуметтік жаңғырту үдерістері
шеңберіндегі маңызды міндеттердің бірі- жастар мәселесі, оның ішінде оларға
қолжетімді білім алуға мемлекеттік және қоғамдық, жекеменшіктік білім беру
мекемелері тарапынан толыққанды жағдай жасау болып табылады.
Бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты дамыған елдердің
қатарына кіру басымды бағытын ұстанған біздің жас мемлекетіміз үшін адами
капиталдың сапалы ӛсуіне, әсіресе, еліміздің ертеңгі болашағын құрайтын жас
азаматтарға сапалы білім берудің тиімді тетіктері мен технологияларын
дамыту- бүгінгі күннің ӛзекті мәселесіне айналуда.
Елбасымыз Қ.К.Тоқаев ӛзінің Жастар жылына байланысты пікірінде
«Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің
болашағы солардың қолында. Мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас
ұрпақтың ӛзекті мәселелерін шешуге күшті серпін береді, олардың ӛзін-ӛзі
танытуға мүмкіндік туғызады», деген болатын. Сонымен қатар, Президент
Қазақстанның озық ойлы жастары ғылымда, ІТ-технологиясында, мәдениет,
бизнес пен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізгенін атап ӛткен болатын.
Оның пайымынша, қабілетті, жігерлі жастарға тиісті жағдай жасап, ынта-
ықыласын арттыру керек. [32]
Дәл осындай ғылымда да, ІТ-технологиясында, мәдениет, бизнес пен
спортта ӛздерін кӛрсетіп келе жатқан жастардың Жезқазған қаласында.
Дипломалды тәжірибеден ӛту барысында Жезқазған қаласындағы оқу
орындарында болып, осы университет, колледж жастарымен кездесіп, оқу
орындарындағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасы ерекшеліктерін,
жүзеге асырылу деңгейін, сонымен қатар басшылық тараптан жастардың
әлеуметтік мәселелерінің шешілу кӛрсеткіштерін сынақтадым. Дипломдық
жұмыстың екінші бӛлімінің бірінші параграфын Жезқазған қаласындағы
жастар саясатының тиімді жолдары мен әлеуметтік мәселенің шешілу
деңгейін анықтау мақсатында жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша,
яғни қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, салауатты ӛмір
салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында
мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру,
жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау, жастарға арналған
қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту,
41
жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін ӛздігінен дамытуын
ынталандыру, жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз
ету, мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және
нормативтік-құқықтық
базаны
жетілдіру
жастарды
"Қазақстан-2050"
стратегиясын іске асыру бойынша жастар саясатының жүзеге асырылуы
қаралды.
Кесте 2
Жезқазған ӛңіріндегі оқу орындар саны
Жоғары оқу орындар саны
1
Техникалық және кәсіптік білім беретін
колледждер саны
8
Жалпы орта білім беру мектептер саны
22
Ғаламдану дәуіріндегі техникалық прогресс пен ӛркениетке батыл қадам
жасауда мемлекетіміз білім саласын, оның ішінде кәсіптік техникалық білімді
белсенді дамытуды еліміздің берік негізді капиталын құру тетігі ретінде
қарастыруда. Бүгінде ұлттық экономикамызды білікті мамандармен қамтамасыз
ету қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында еліміздің кәсіптік
техникалық білім беру саласы мемлекеттік деңгейде үлкен жоспарлар мен
жобаларды жүзеге асыруда.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда Жезқазған қаласы
жастарын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жас
мамандарды жұмыспен қамту жолға қойылған. Жас мамандарды жұмысқа
тарту мақсатында ЖОО мен ТжКБ басшылары жыл соңында еліміздегі ЖОО
арнайы сұраныс хатпен шығып, мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуді
дәстүрге айналдырған. Бұл кӛрсеткіштердің барлығы «Жезқазған қаласының
ішкі саясат бӛлімі» ММ мемлекеттік жастар саясатын дамытуды жүзеге асыру
бойынша анықталған ақпараттарында кӛрсетілген.
Қала жас мамандары
қызметтік пәтерлермен және арнайы бекітілген жалақымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда қала колледждері мен ЖОО 52 жас маман қызмет атқарады (22-
29 жас аралығында). Олардың басым бӛлігі оқытушы және тәжірибе шеберлері.
Кейбір оқу орындарында жыл сайын оқу орын басшылары тарапынан жаңадан
жұмысқа келген жас мамандарға жыл басында арнайы кӛтерме үстем ақы
береді (25мың-30мың). Бұл дәстүр жас мамандарды жұмысқа ынталандыру
мақсатында жасалған.
Кемел келешек кілті жастарда. Жастар жанашары тарапынан ӛңірдегі
ӛскелең ұрпақты, жастарды қолдау мақсатында ауқымды шаралар атқарылған.
Оқу озаттарына демеу кӛрсету, тарлантты жастарды қолдау, сапалы білім
алуларына жағдай тудыру мәселелері қала басшылары тарапынан назардан тыс
қалған емес.
Елбасының қатысумен ашылған Жезқазған-Бейнеу темір жол құрлысы
Жезқазған ӛңіріне жаңа бір серпіліс әкелді. Бұл салаға басқа облыстың да
жастарының қызығушылығының артып отырғанын байқаған ӛңірдегі оқу
42
орындар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында «Серпін-2050»
бағдарламасымен 2015 жылдан бастап студенттерді оқуға қабылдап, осы
мақсатта арнайы жатаханалар да салынған. 2015-2019 жылдар аралығында
Жезқазған қаласында 300ге жүық студент аталмыш бағдарлама негізінде білім
алып, қазіргі таңда түлектердің 80% әртүрлі салаларда жұмыс атқаруда. [33]
«Ұлттың болашағы ұрпақта»демекші, ӛңір жастары түрлі жобалар
негізінде, атап айтсақ, «Қазақмыс» корпорациясының арнайы степендиясы,
«Зиялы ұлт болашағы» атты инновациялық жоба шеңберінде шалғайдағы ауыл
түлектері мен дарынды жастарға және әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасылары
балаларына колледжде тегін білім алу мүмкіндігін де жасаған. Қазіргі таңда бұл
бағдарламалар негізінде 112 жас осы жобалар аясында білім алуда. Сонымен
қатар жыл сайын Тұңғыш Президент күні қарсаңында білімдегі біліктілігі,
ғылымдағы жетістігі, құзыреттілік белсенділігі үшін озық мектеп оқушыларына
(14-16жас аралығындағы) мемлекет және қоғам қайраткері «Д.Қонаев
атындағы», халық ағарту ісінің үздігі «Қ.Шыңғысов атындағы», оқу ісінің үздігі
«А.Асанова атындағы», педагогика ғылымдары академиясының корреспондент
мүшесі «С.Жумкина атындағы», «Құрметті теміржолшы» атағының иегері
«Ш.Бекмағанбетов атындағы» атаулы шәкіртақылар беріледі.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Бес институционалдық реформаны
жүзеге асыру жӛніндегі 100 нақты қадам- Ұлт жоспары іске асыруға және
қайырымдылық үшін құқықтық негіздмелерді жасауға, оны ынталандыруға
бағытталған «Қайырымдылық туралы» ҚР заңына қол қойды. Осы негізде
Жезқазған қаласында ҚХА «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясын
ұйымдастырылып, әлеуметтік тӛмен жас отбасылары мен жастарға кӛмек
кӛрсеткен. Сонымен қатар «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі жастар
ресурстық орталығы» ММ және «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен
Сатбаев, Жезқазған қалаларындағы балалар үйіне де тұрақты демеу кӛрсетіп,
тағдыр тауқыметін тартып жүрген жастарға қаржылай кӛмек жасалып, арнайы
шәкірақылар тағайындаған. [34]
Елбасымыз
Қ.К.Тоқаев
Қазақстан
Халқына
Жолдауында
«Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше кӛңіл
бӛлуінуі тиіс», деген болатын. Елбасы Жолдауы негізінде мүмкіндігі шектеулі
жастарға қолдау кӛрсету бірінші кезекте. Мәселен, 2018 жылы мүмкіндігі
шектеулі жас маман Садыров Алишер қаладағы колледжге програмист
қызметіне жұмысқа қабылданған. 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020»
мемлекеттік бағдарлама негізінде және Жастар жылы аясында ӛткізілген
«Роботтехника» бизнес жобасында мемлекеттік грантты жеңіп алған жас
азаматты қолдау мақсатында колледж жатақханасынан Робототехника
кабинетін ашуға мүмкіндік жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
белгілеген бес институтционалдық реформасын «100 нақты қадам» - Ұлт
жоспарын жүзеге асыру аясында «Біртектілік пен бірлік» жӛнінде нақты
қадамдар жасалды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Нұрлы жол», «Үлкен
43
ел - үлкен отбасы», «Менің елім», «Нұрлы болашақ» сынды кең кӛлемдегі
ұлттық жобалары аясында ӛңірімізде кӛптеген жұмыстар қолға алынды.
Ӛткен жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мерейлі мерекелі
жылдарға толы болды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан
Республикасының Ата Заңы Конституциямыздың 20 жылдығы жоғары
қарқынмен аталып ӛтті.
Жезқазған-Ұлытау жері - кӛне тарихымыздың кӛзіндей қасиетті де,
қастерлі мекен. Былтырғы жылы жас ұрпаққа ӛнеге болар жарқын істер
атқарылып, тарихымыз тағы бір мәрте таразыланды. Қазақ Хандығы тарихында
ӛзіндік орны бар Бұланты шайқасы ӛткен орынға келер ұрпақ тәу етіп жүру
үшін тарихи ескерткіш - стелласы қойылып, Алаш ұрпақтары бас қосты.
Ұлытауда Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған ұлы жиын ӛтті.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Бекзат Қомарұлы жастар
саясатын жүзеге асыруда ӛзге этностық топтардың қалыс қалмауын да назарда
ұстаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы шеңберінде
ұйымдастырылған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
Қарағанды облысы бойынша Жезқазған қаласында, қасиетті Ұлытау жерінде
ӛтті.[35]
Тӛрт күндік тағылымды жиынға этно-мәдени бірлестіктер ұйымынан 30-
ға тарта жастар тартылып, ел бірлігі мен тұтастығын тұмар еткен ұлтымыздың
салт-дәстүрін, тілін, ділін, мәдениетін үйрету, таныту мақсатында арнайы
дәрістер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Жобаға колледждің студенттері
мен қатар жас мамандар да ат салысқан.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тарихи – мәдени
мұра, ұлттық код, Сокралды Қазақстан жобаларын іске асыру мақсатында 2018
жылы жастар арасында «Руханият» тарихи-танымдық этноауыл экспедициясын
ұйымдастырушысы. Негізгі мақсат- киелі тарихи орындардың маңыздылығын
жастардың санасына енгізу, тарихқа құрмет кӛрсету. Жобаға 50 астам жастар
қатысқан.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Баубек Бұлқышов пен Мұқан
Иманжановтың 100 жылдығына арналған жас ақындар арасында мүшайра
ӛткізіп, жеңімпаз жас ақындар сыйақымен марапатталған.
«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген,
бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз
керек», деп Елбасы Н.Назарбаев «Бола¬шақ¬қа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында атап ӛткендей ел азаматы Алтынбеков Б.Қ. 2017жылы ―Туған
жерге туыңды тік‖ ұранымен ―Қайырымды ел – 2017‖ жалпыұлттық акциясы
ӛткізіп, колледжде қызмет ететін 8 жас маманға пәтер кілтін табыстаған. Бұл
игілікті іс жастар саясатының басты кӛрсеткіштерінің орындалғанын кӛрсетеді.
Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға
жетелер құдіретті күштің бірі білім болса, сол білім діңгегінің мықты да,
сапалы капиталға айналуы үшін жастарымызға заманауи жаңартылған
мазмұндағы білім мен тәрбие беру елімізде бүгінгі күні ӛзекті мәселелерінің
біріне айналып отыр. Осы орайда, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2017
44
жылғы 31 – қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанның Үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты дәстүрлі Жолдауында:
«...Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске
асырыла бастады. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай,
экономикадағы жаңа ӛндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол
үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік
оқу-ӛндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет», - деп арнайы
мамандар даярлайтын білім мекемелерінің алдына үлкен перспективалық
мақсат- міндеттер қойған болатын.[36]
Осы тұрғыда, Жезқазған қаласында жастарға қоғам сұранысына қажет
деп танылған жол құрылысы, теміржол, байланыс, кӛлік және коммуникация,
оның ішінде туризм, тігін ӛндірісі сияқты салаларға арналған мамандар
дайындау бойынша жемісті еңбек етуде.
Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында
колледжде жастар үшін барлық жағдай жасалған.
Ӛңірде дарынды студенттерді мен ғылыммен айналысатын жас
мамандарды қолдау мақсатында түрлі инновациялық жобалар іске асырылған.
«Зиялық ұлт болашағы» дарынды жастарды қолдауға арналған әлеуметтік жоба,
«Кӛптілділікті дамыту», «Үздіксіз білім алу жүйесі арқылы кәсіби
құзыреттілікті дамыту» жас мамандарға арналған жоба, «Дуальды оқыту
жүйесі», «Академиялық ұтқырлық» т.б. Аталмыш жобалар сапалы білім беруді
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру
негізінде құрылған.
Кәсіптік білім беру жүйесінде білім мен бизнес әріптестігі арқылы
оқытуды кәсіптік тәжірибемен байланыстыру бүгінгі таңдағы ӛзекті
инновациялардың бірі болып табылады, осыған байланысты Жезқазған ӛңірінде
2013жылдан бастап колледждерде дуалды оқыту жүйесі енгізілген.
Қала жастарының жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамту үшін
барлық жағдайлар жасалған. «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы»,
«Бизнестің жол
картасы», «Жұмыспен
қамту-2020»
мемлекеттік
бағдарламаларын
жүзеге
асыру
мақсатында
колледжде
аймақтың
кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатылған. Жас мамандарды жұмыспен
қамту мақсатында қала кәсіпорындармен келісім- шарт жасалған. Осы келісім-
шарт негізінде жұмыс берушілер ӛзіне керек кадрды оқу үрдісі барысында
ұйымдастырылатын түрлі іс- шараларға қатысу арқылы таңдау жасай алады.
Мәселен, оқу орындарында дәстүрлі түрде ӛткізілетін «Үздік теміржолшы»,
«Үздік құрылысшы», «IT START UP», «Үздік заңгер», «Үздік маман», «Мода
без границ» сынды байқаулар мен жыл соңында дәстүрлі түрде ӛткізілетін «Бос
орындар жәрмеңкесі» арқылы қала жастары ӛздерін болашақ маман ретінде
кӛрсетуге мүмкіндік ала алады. Осы негізде бірнеше түлекке жұмыс берушілер
тарапынан ұсыныс жасалып, жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының
үшінші бағыты бойынша «Жастар практикасы» арқылы колледж жастарының
20% жұмысқа орналасқан.
45
Жастар жылы аясында ӛңірдегі «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорыны мұнай
құбыры саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау негізінде
арнайы жоба құрып, осы жоба аясында қаланың ДОО мен колледж студенттері
әртүрлі техникалық мамандықтар бойынша ақылы тәжірибеден ӛткен.
Жастарды қолдауда ұйымдастырылған бұл жобада студенттерге практикадан
ӛту аймағына байланысты 70 000-нан 80 000 теңгеге дейін еңбекақы тӛлеген.
алады. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жӛніндегі жоба бес жылға
есептелген.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
мақсатында және жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қалада
«Жас кәсіпкер» мектебі жұмыс атқарады. Бұл мектепте 1000-ға тарта болашақ
жас кәсіпкерлер тіркелген. Жас кәсіпкерлер мектебінде аймақтағы жеке
кәсіпкерлер дәріс оқып, ӛз тәжірибелерімен бӛліскен. Осы мектептен түлеп
ұшқан қала жастары Ақыжан Алихан, Бағчай Абай, Қабжанова Гульдана,
Серікбай Санжар, Қомар Исламбиылғы жастар жылында арнайы мемлекеттік
гранттарға ие болып, ӛздерінің жеке істерін ашып, жеке кәсіпкерлікті бастаған.
Құқықтық
мәдениет
деңгейін
арттыру,
сыбайлас
жемқорлық
кӛріністеріне тӛзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында «Саналы ұрпақ» жобасы
аясында
жұмыс
атқарады.
Жобаның
мақсаты-жастардың
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы кӛзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада
академиялық адалдық қағидатын енгізу. Биылғы оқу жылын колледж, жалпы
еліміздің оқу орындары ӛскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық,
отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Білім күнің «Саналы
ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында біріңғай адалдық сабағы ӛткізіумен
бастады.
2019 жылы Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі жастар ресурстық
орталығының ұйымдастыруымен ӛткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
тақырыбында
қалалық
кӛлемдегі
колледждер
арасында
байқау
ұйымдастырылған.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда колледжде білім алатын
«Құқықтану» мамандығының студенттеріне ерекше кӛңіл бӛлінген.Осы негізде,
«Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті»ЖМ келісім шарт
жасалып, мамандар даярлауда біріге жұмыс атқаруда. Колледжде ӛткізілетін
«Үздік заңгер» байқауы да жастардың құқықтық сауатын ашуда кӛп септігін
тигізеді.
Жезқазған қаласының мерейлі 65 жылдығы құрметіне орай «Жезқазған
қаласының ішкі саясат бӛлімі жастар ресурстық орталығы» ММ
ұйымдастырған эссе жазу байқауында колледж студенті Марат Гүлім жүлделі
ІІ орын иеленген. Осы алған жүлдеге байланысты студент Марат Г «Жезқазған
қаласының ішкі саясат бӛлімі жастар ресурстық орталығымен» ММ бірге
Ұлытау мен Қарсақбай ӛңірінің тарихи жерлеріне арнайы саяхат жасауға
шақырту алды. Сонымен қатар, «Ұлытау қыздары» қоғамдық ұйымының
жетекшілігімен «Жігер» жастар ұйымының белсенділері Ұлытау ӛңіріне
46
саяхатқа барып, аймақтық туризм слетіне тӛреші ретінде колледж колледждің
студенттері қазылық жасаған.
2020 жыл Еріктілер жылы аясында да қала жастарының қатысуымен
біршама ауқымды іс- шаралар ұйымдастырылуда. Қала жастарының басым
бӛлігі қалалық ерікті жастар құрамында.
Қала жастары «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі жастар
ресурстық орталығы» ММ және «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық
филиалы «Jas Otan» жастар қанатымен біріге отырып «Сабақтастық» жобасы
аясында балалар үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерге базарлық тарту етті.
Сонымен қатар ақпан айында ауа райдың қолайсыздығынан болған жағдайға
байланысты ерікті жастар балалар үйінің ауласындағы қарды тазалауға да
кӛмек қолдарын берді. «Саулық» бағыты бойынша колледждің ерікті жастары
елімізде орын алған жағдайға байланысты пандемияның алдын – алу
шараларын жасау мақсатында «Біз біргеміз» акциясына қатысып, жалғыз басты
қарттар мен әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасыларға қолдау кӛрсетті.
Еріктілер жылы аясында «Таза әлем» жобасы бойынша қоршаған ортаны
қорғауға байланысты колледж жастары «Жасыл ел» акциясына да белсене
қатысуда.
Еріктілер жылындағы «Қамқор» жобасы бойынша қала жастары қарттар
үйіне де қолдау кӛрсетіп, ӛздерінің сый- сияпаттарын кӛрсетті.
2017 жылдан бастап талантты жастар үшін «Алаңым» жастар театры
әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды (50 адам). 2018 жылы жаңа
бағытпен Жезқазған аймағының жастары үшін Жастарға Уақыттарын Тиімді
Ӛткізетін «JEZJASTAR» Орталығы ӛз есігін ашты.
1.Вокал.
2. Хореография үйірмелері жұмыс істейді.
Спорт бағытында қаламыздың жастары үшін - 10 спорт нысаны жұмыс
істейді, оның ішінде – 3 нысан жекеменшік;
-
3 кӛше тренажеры «Стрит воркаут»;
- 14 хоккей корты;
-
Қалада 19 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 1 театр, 2
кинотеатр, 11 кітапхана, 1 достар үйі, 1 филармония, 2 мұражай, саңырау және
кӛру қабілеті нашар адамдар үшін 1 мәдениет үйі бар.
Мәдениет және спорт нысандарында 100-ден астам секция мен үйірмелер
бар. Олардың игілігін 3 мыңға жуық жас кӛруде. 2 аула клубы,
6 қызығушылық бойынша клуб (бокс, күрес, шахмат және т.б.) бар. 2019-
2020 жылдары қалада фитнес-орталық салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Бірлік», «Чемпион» және «Олимп» атты спорттық клубтар
ашылды, онда әскери күрес ӛнері түрлері бойынша дайындықтар жүргізіледі.
Жастар ресурстық орталығы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының
аясында тӛңіректегі мәдени-тарихи құндылықтарға бай жерлерге жастардың
қатысуымен саяхаттар да ұйымдастырып отырады. Мысалы, жыл сайын
«Ұлытау» елді мекенінде жастар арасында туризм бойынша слет ӛткізілді,
47
Сондай-ақ Қарсақпай және Жезді мекендеріне ӛлкетану бойынша саяхаттар
ұйымдастырылды.
Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жезқазған қаласы
Еріктілер клубы» жұмыс істейді. Олар әр түрлі акцияларға, қайырымдылық іс-
шараларға, семинарларға қатысады. Қала бойынша – 100 ерікті жас бар.
2019 жылы Жезқазған қаласы ішкі саясат бӛлімінің жастар ресурстық
орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының «Даму» бағдарламасының
қолдауымен қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға арналаған «Арт-
Холл» коворкинг орталығы ашылды.
2020 жылы Жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін «Дебат клубы»
ӛз жұмысын бастады.
Патриоттық
тәрбиені
іске
асыру
мақсатында
мекеменің
ұйымдастыруымен қаржылай 11 іс-шара ӛткізілді. Олар «Ауған асуында от
кешкендер», «Жыр арқауы-Жезказган» мүшәйра, эсселер байқауы «Туған жерге
тағзым», флеш-моб акциясы «Нашақорлыққа қарсымыз!», ҚР рәміздер күніне
арналған «Менің елім» атты акция, оқу орындар арасында қалалық әкім
кубогіне арналған дебаттық турнир ұйымдастырылды, оқу орындар арасында
қалалық КВН ӛткізілді, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қала әкімінің «Үздік
бизнес жоба-2019» байқауы ұйымдастырылды. Комиссия шешімімен 5 жас
кәсіпкерге қала әкімінің гранты берілді. Жастар жылын қорытындылау
аясында және 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
күніне «Мен – жас Қазақстандықпын» атты қалалық жастар форумы ӛтті.
Форум аясында жыл бойы қаламызда жастар саясатының дамып, ӛркендеуіне
және мәдени ӛміріне белсене араласып, үлес қосып жүрген жастарды 16
номинация бойынша марапаттап, құрмет кӛрсетті. Биылғы жылдың басты
номинациясы «Жыл мақтанышы» номинациясына жастар арасына танымал
жерлесіміз Қуандық Рахым ие болды. Форумға Қуандық Рахым мен айтыстың
дүлдүлі Дидар Қамиев арнайы шақырылды. Дидар Қамиев форумға арнап арнау
айтса, Қуандық Рахым жерлестеріне әсерлі әннен шашу шашты. Сондай-ақ
Тәуелсіздік мерекесіне орай Жезқазған қаласы ішкі саясат бӛлімінің жастар
ресурстық орталығы және «Жезқазған қаласы еріктілер клубының»
ұйымдастыруымен қала еріктілеріне арналған мерекелік кеш ӛтіп, белсенділер
марапатталды.
Әскери–патриоттық тәрбиені іске асыру мақсатында барлық оқу
орындарында әскери-патриоттық ұйым құрылды. Жыл бойы әскери –
патриоттық тәрбиеге байланысты оқу орындар арасында бірқатар іс-шаралар
ұйымдастырылды. Сап және саптық әндер байқауы, «Үздік саптық ән»
байқауы, «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылған жоқ» атты әдеби
кӛркемсӛз оқу, «Әскери іске дайын бол!» сайысы, Топталып жүгіру,
Кедергілерден ӛту, Кермеге тартылу (ұлдар), жатып алып кеудені кӛтеру,
Саптық дайындық, Әскери топография, Азаматтық қорғаныс, Денені
шынықтырумен айналысу.т.б.
48
Кесте 3
Достарыңызбен бөлісу: |