51
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмысты күшейту
үшін 2019 жылғы 22 қаңтарда «Шаруа» базарында жұмыспен қамту
орталығының жұмыс орны ашылды. 2019 жылдан бастап Мобильді жұмыспен
қамту орталығы қала кӛшелерінде жұмыс істей бастады.
Жазғы айларда студенттерді жұмысқа орналастыру үшін «Жасыл ел»
бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2019 жылы «Жасыл ел»
бағдарламасы бойынша 150 жас адам жұмысқа орналасты. Жасыл ел
жасақтарына бӛлінген қаржы кӛлемі, 2125,0 мың тенгені құрайды.
Ал 2017жылы 135 адам жұмыспен қамтылған. Әр сарбазға жергілікті
бюджеттен 42963, ал республикалық штабтан 35000 теңге кӛлемінде тӛленген.
Жалпы жергілікті бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасын қаржыландыруға
580000 теңге қаражат бӛлінген
.
Сондай-ақ, жастардың әлсіз тобына әлеуметтік қолдау кӛрсету
мақсатында 2018 жылдан бастап қалада ПРООН жобасы жүзеге асырылуда..
Одан әрі, NEET жастарына ақы тӛленетін тәжірибе жинақтауды ұйымдастыру
жоспарлануда. Жоба 3 жылға арналған. Қазіргі таңда NEET бағдарламасы
арқылы 20 жас уақытша жұмыспен қамтылуда.
Кесте 4
Әлеуметтік желілер және баспа басылымдар, теледидар арқылы жарыққа
шыққан басылымдар саны
Бірақ жастар саясатын жүзеге асыруда ӛзекті мәселелер де кездеседі.
Мәселен, ӛзін-ӛзі жұмыспен қамту немесе жұмыссыз жастармен жұмыс
жӛніндегі жобалардың жеткіліксіз болуы, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз
етудің жеткіліксіздігі, жоғары және сапалы білім алудың оқу ақысының
жоғарылауы, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС кәсіпорындарында жастарды
жұмысқа орналастыру мәселесін толық шешіле қоймауы, жас отбасылар мен
жетім балаларды пәтермен қамтамасыз ету сынды.
Дана халқымыз «Жұмыла кӛтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық
пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне
кӛмектесіп, қолдау кӛрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сӛзсіз.
Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет,
– деді Мемлекет басшысы.
Ӛндіріс талаптарына сай мамандар даярлау тапсырмасы- орта арнаулы
кәсіптік техникалық оқу орындары мен жалпы білім беретін оқу орындарының
тығыз байланысын дамытуды қажет етеді. Бұл алдағы уақытта назардан тыс
қалдырмай, шешімін күтетін мәселелердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: