2.2 Фразеологиялық тұлға компоненттерінің инверсиясы
ФТ туралы сөз еткенде біз олардың негізгі үш принципін басты нысанға аламыз: 1) тіркес тиянақтылығы; 2) мағына тұтастығы; 3) қолдану тұрақтылығы. Осы үш негіз болғанда ғана біз ФТ-ны категория деп тани алатындығымыз белгілі. «Грамматика тұрғысынан қарағанда, жалпы фразеологизмдер синтаксистік (кей жағдайда морфологиялық) тұтастығын сақтап, басқа еркін тіркестер тобынан да, қалыпты сөйлем түрлерінен де бөлектеніп тұрады» [44, 616 б.].
Бірақ кей жағдайда ФТ құрамын бұзып, арасына сөз ендіреміз, компоненттерін ауыстырамыз, алып тастаймыз немесе құрамындағы сөздердің орын тәртібін өзгертеміз. ФТ-ларды өзгертудің осындай бір тәсілі – инверсия құбылысы.
ФТ компоненттерінің инверсияға ұшырауы, орнындарын ауыстыру, олардың прагматикалық әлеуетін көтеріп, мәнерлелік сипатын береді. Жалпы ФТ құрамына енетін сөздердің орын тәртібі нақты болады. Инверсия тәсілі поэтикалық өлең мәтіндерінде жиі ұшырасады. Мұнда өлең ұйқасының әсері бар және басқа сөзге ұйқас алғанда өзгертіледі
Инверсия (латын. inversio – төңкеру, өзгерту, ауытқу) – 1) кең мағынасында: әдетте қолданылатын сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің ауытқуы, өзгеруі; 2) тар мағынада: синтаксистік байланыстың өзгеруіне қатыссыз сөйлем мүшелері орын тәртібінің өзгеруі, ауытқуы. Еркін сөз тіркесі ФТ-ның генетикалық прототипі болуына байланысты сөз-компоненттерінің орын тәртібі еркін сөз тіркестеріндегі сөз қалпының нормаларымен тығыз байланысты болады, бірақ оларды жиі қайталамайды. Бұл мәселені фразеология саласындағы зерттеушілер де қарастырды. Мәселен, С.Г. Гаврин ФТ-ның тек бір бөлігінің ғана компоненттерінің белгіленген тәртібі болады десе, В.Л. Архангельский мен Н.М. Шанский ФТ компоненттерінің орналасу тәртібін шектеу оны еркін сөз тіркесінен ажырататын белігелерінің бірі болып саналады деп есептейді.
Фразеологизмдердің компоненттерінің орын тәртібінің өзгеруі барысында тіркес мағынасына назар аударылмайды, компоненттерінің орын тәртібі бір-біріне қатысты нормадан ауытқу ретінде өзгеретін болғандықтан, өзіне оқырманның назарын аудартады. ФТ-ның компоненттерінің инверсиясы оның компоненттерінің жалпыға ортақ қабылданған грамматикалық орын тәртібінің бұзылу процесінен тұратын ФТ-ның окказионал өзектілену тәсілі арқылы жасалады. ФТ компоненттерінің өзгеріп ауытқуы фразеологизмге ерекше көркемдік реңк береді, оның прагматикалық әлеуетін арттырады.
Динамикалық жағынан әр түрлі күйде болатын фразеологизм компоненттерінің орын тәртібінің өзгеруі тұлға құрамындағы кез келген бір компоненттке түсетін екпінді өзгертпейді. Мұндай инверсияның стилистикалық және прагматикалық әсері көбінесе компоненттерінің ерекше орналасуымен өзіне назар аудартады. Мысалы:
...Баяндайын басынан
Немене бар үркетін
Достарыңызбен бөлісу: |