1.4.2 Фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектілену типтері
ФТ-ның окказионалды өзектілігі әр түрлі, алғашында оларды авторлардың шексіз фантазиясындай сезінеміз. Алайда мұқият қараған кезде алған әсеріңіз біртіндеп сейіле бастайды. Себебі, фразеологиялық тұлғалардың түрлі өзектіленуі уақытша көрініс табатын лингвистикалық феномен, оның мақсаты фразеологиялық қалыпты тұлғалардың формасын, мағынасын, стилистикалық мақсатта өзгерту.
Басқа сөзбен айтқанда, фразеологиялық тұлғалар өзектілігінің әр түрлі әдістері белгілі бір жүйені көрсетеді. ФТ және окказионализмдердің арақатынасы мәселелерін зерттеу барысында фразеологизмдердің өзектіленуінің стильдік тиімділігі анықталады. Сондай-ақ классификациясы жасалды. Авторлар олардың түрлі тәсілімен табылған және талданған ФТ өзектілігін атап өтумен және баяндаумен ғана шектелді. Бұл авторлар бөлген әдістер саны әркелкі. Мәселен, Е.А. Бахмутова алты әдіс (1967), Г.Н. Броудо – жеті (1967), С.В. Ежовская – төрт (1963), А.К. Кочетков – он (1963), Н.М. Шанский – ең алдымен алты, кейіннен – сегіз (1957), ал И.Г. Шаранда – он екі әдісті (1966) атаған. Бұл әдістің осыншалықты көп бөліктерге әркелкі бөлінуі осы жүйенің негізсіз екендігін көрсетеді, ол өзгертулердің барлық тәсілдерін толық қамтымайды, оларды түсінудің субъективті негізінде классификациялық элементтердің еркін бөлінуіне әкеледі және олардың айырмашылық белгісі үшін жалпының болмауына қарамастан, өзгерудің барлық әдістерін бір қатарға қояды.
Зерттеушілер фразеологиялық тұлғалардың өзектілігін топтастыру әдісінің қиындығын бірнеше рет байқады, «эти приемы существуют не отдельно, не изолированно друг от друга. Очень часто они употребляются одновременнно, почему и не легко выдвинуть какой-либо из них на первое место в данном случае. Не всегда и начальная форма выражения показывает, какие компоненты являются обязательными, какие «факультативными»» [49, с. 333]. Бірнеше материалдарды талдау арқылы біз ФТ өзектілігінің әр түрлі әдісіне жататын мысалдардың өте жиі кездесетіндігіне көз жеткіздік. Мысалы: Аспаннан айы құлап тұрған ана тілін төрге оздыруда тым созылып кеткен былқыл-былқылды енді Елбасы төбеге ұрғандай ғып тоқтатса ғой (Ж. Сабыржанұлы, 227 б.).
Осы мысалдағы аспаннан айы құлау окказионал фразеологиялық тұлғасы «жолы болмады», «бақыты ашылмады», «жұлдызы жанбады» деген мағынаны білдіреді. Аспаннан айы құлау ОФТ «айы оңынан туу» [44, 22 б.] қалыпты фразеологиялық тіркесіне қарама-қарсы мағынада өзектіленудің бірнеше тәсілдері арқылы жасалған: 1) айы құлау – айы туу етістікті компоненттерінің құрылымдық-грамматикалық өзектіленуі; 2) аспаннан айы құлау – айы оңынан туу секілді тілдік антонимнің жасалуы; 3) осылар арқылы лексика-грамматикалық қор кеңейе түседі.
...Бір еркек, бір әйел емтихан алып отыр, тарих пәнінен... Дым сызбайтынымды салғаннан түсінген олар көлденең сұрақтар бере бастады (Ж. Сабыржанұлы, 15 б.).
Берілген контекстегі ФТ ҚТФС енбеген, бірақ жалпы қолданысқа түсіп кеткен дым сезбеу тіркесінің үлгісінде «дым сызбау» окказионал фразеологизмі автордың мынадай амалдарды пайдалануы арқылы жасалған: 1) құрылымдық-грамматикалық типтерімен сезбеу – сызбау етістікті компонентін стилистикалық және фонетикалық өзгеріске түсіріп, түрлендіруге ұшыратқан; 2) ФТ-ның лексика-грамматикалық мәні толықтырылған. Өзектілеудің бірнеше тәсілін пайдалану мәтіннің прагматикалық, эмотивтік әсерін көтеріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |