50
материалдық мәдениеті негізінен қоныстар мен обалардың орнынан
табылған заттар бойынша анықталып отыр.
Орталық Сырдария аймағында (Шаш, Отырар, Қаратау) тараған қаңлы
материалдық мәдениеті
тарихи әдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, Отырар-
Қаратау мәдениеті делінсе, ал І-мыңжылдықтың басынан бастап
Сырдарияның төменгі ағысында бұлармен тектес Жетіасар мәдениеті деп
аталады. Жетіасар мәдениетінің
жұрттары көлемінің кеңдігімен,
орналасуының
айрықшалығымен
және
материалдық
мәдениетінің
ерекшелігімен сипатталады.
Қазір ондаған қаңлы қоныстары белгілі. Ең ірі ескі қоныстардың бірі –
Алтыасар. Ол трапеция пішінді болып келген төбе секілді. Алтыасар, Ақтөбе,
Қарауылтөбе т.б. қоныстарды зерттеудің нәтижесінде оны мекендеген
халықтардың өмірін, мәдени табыстарын байқауға мүкіндік туды. Қауыншы
мәдениетінің неғұрлым жақсы зерттелген ескерткіштерінің бірі – Шардара
маңындағы Ақтөбе конысы. Қаңлы қоныстарында көптеген тұрғын үйлер
мен шаруашылыққа қажетті құрылыстар болған. Олардың сыртына дуалдар
соғылып, ор қазылған. Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар,
архитектурасы күрделі ғимараттар мен
ою-өрнектер ежелгі қаңлылық
мәдениетінің жоғары дәрежеде болғандығының бір айғағы. Үй
шаруашылығы кәсіпшілігінен ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі
зергерлік өнер мен тас, сүйек өндеу өнері кеңінен таралған. Жазба деректер
мен археологиялық қазбаларға қарағанда Қаңлы мемлекеті Орта Азия
мемлекеттерімен, Кавказ, Рим, Қытаймен қарым-қатынаста болған. Б.д.д. II-I
ғасырларда қаңлылар өздерінің шаҺарларын соққан. Қаңлы тайпалардың
саяси бірлестігі мемлекеттік құрылысқа тән көптеген белгілер орын алды
деген қорытынды жасауға негіз бар.
Қаңлылар одағында дамыған әлеуметтік-саяси
иерархиялық құрылым
археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Оларға сан-салалы әкімшілік-
саяси аппаратпен байланысып жатқан жоғары дамыған әскери ұйым да тән
болды. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік
құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар:
әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі
қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: