Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.
Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:
Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.
Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.
Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.
Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс-әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.
Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбек ақы алуы қажет.
Әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |