Электроника


 р-n ауысуы бар өрістік транзистор



Pdf көрінісі
бет24/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
электроника
Лабораторная работТрансформатор, Баяндама тәрбие Мадина, Үйкеліс детка, ОлшеуТеория, зертхана
1.5.2 р-n ауысуы бар өрістік транзистор

Транзистордың бұл түрі 
бір ғана р-n ауысуынан
тұрады. 
р-n
ауысуы бар 
өрістік транзистордың қарапайым құрылысы төменгі суретте келтірілген: негізгі 
n кремний кристалын екі жағынан р аймағы, яғни тиек (Т) (затвор) қапсыра 
қоршап тұр. 
р-n
ауысулы өрістік транзистордың жұмыс істеу принципіне 
түсініктеме 1.32
-
суретте келтірілген
.
Олардың ортасында орналасқан n аймағы 
арна
деп аталады да, оның ток тізбегі жалғанған екі шетінің бірі 
бастау
(Б) 
(исток), екіншісі 
құйма
(К) (сток) деп аталып, токтың шығу және жиналу 
көздерін көрсетеді. 
1.32 сурет - 
р-n
ауысулы өрістік транзистордың жұмыс істеу принципіне 
түсініктеме 
р - n
ауысулы өрістік транзистордың жұмыс істеу принципі мынадай. 
Тиекке U
бт
теріс кернеу 
беретін болсақ, онда кәдімгі р-n ауысуының 
кері 
қосылуындағыдай 
оның ені арта түседі. Ауысу ішінде жылжымалы заряд 
бөлшектерінің болмайтындығын ескере отырып, оны диэлектрикке балауға 
болады. 
Онда осы диэлектрик аймағы арнаның енін екі жағынан қусыра қыса түсіп, 
оның ток өткізу қабілетін азайтып, оның кедергісін арттырады. 
Сонымен тиек кернеуінің арқасында арна енін өзгерте отырып, бастаудан 
құймаға ағатын ток күшінің шамасын реттеуімізге, басқаруымызға болады (1.32 
сурет). Транзистордың басқару принципінің мәні осында. 
Ал енді құймадан ток алу үшін оған қандай бағытта кернеу беруіміз керек. 
Егер тиекте (бастаумен салыстырғанда) кернеу жоқ деп есептесек, онда 
түсірілген құйма кернеуінің арқасында р-n ауысуы тағыда кері қосылады да, 
оның да, оның өзгеруі құйма түсінен өтеді. Бұл жағдай 1.32, б-суретте 
көрсетілген. 
Сонымен тиек пен құйма кернеулерінің көмегімен арна енін өзгерте 
отырып, керегімізше құйма тогын шамасын реттеуге, басқаруымызға қолымыз 
жетеді. 
Жоғарыда тиек аймағына теріс полюсты ернеу беріледі деп есептедік. Ал 
оған оң бағыттағы кернеу түсірсек қалай болар еді? Транзистор жұмыс қабілетін 
сақтап қалар ма еді? Бұл сұраққа жеңіл жауап беру үшін тиек-бастау өңіріне 
мұқият зер салғанымыз жөн. Егер осы өңірді 
р-n
ауысуы деп қарап, оған тура 


54 
бағытта кернеу түсірсек, онда транзистор кірісі тура бағытта қосылған диодқа 
сәйкес келеді. Сондықтан да тиек-бастау аралығын тура бағытта ығыстыратын 
кернеу бағытын өрістік транзистордың 
р-n
ауысулы түрінің жұмыс істеу 
қасиетіне қайшы келетін жағдай деп есептейміз. Бұл транизистордың құйма-
тиектік сипаттамасынан да көрініп тұруы керек. 
Мысалы, 1.33, а - суретте 2П303 тразисторының осы сипаттамасы тиек 
кернеуінің транзистордың тек теріс бағытына арналып сызылған. Айтылып 
отырған транзистордың құймалық сипаттамасы 1.33, ә - суретте көрсетілген. 
Арнамыз 
n
текті болып, оның жылжымалы заряд тасушылары қосылатын 
электрондар болса, құймадан ток алу үшін оған әрине оң полюсті U
бқ
кернеу 
беруіміз керек. 
Сонымен, тиек пен құйма кернеулерінің көмегімен канал енін өзгерте 
отырып, керегімізше құйма тогының шамасын реттеуге, басқаруымызға қолымыз 
жетеді. 
1.33 сурет - 
р- n
ауысулы өрістік транзисторының құйма-тиектік (а) және 
құймалық (ә) сипаттамалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет