Электроника



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
электроника
Лабораторная работТрансформатор, Баяндама тәрбие Мадина, Үйкеліс детка, ОлшеуТеория, зертхана
1.6 Тиристорлар 
1.6.1 Тиристорлар жайлы түсінік 
Тиристор — үш немесе одан да көп 
р-n
өткелегінен (ауысуынан) тұратын, 
тұрақты екі күйі бар және бір күйден екінші күйге басқару импульсі арқылы 
ауысып-қосылатын мүмкіндігі бар электрондық аспап. 
Өткен тарауларда қаралған транзистор үздіксіс басқарылатын электрондық
аспап. Олай дейтініміз басқару тогын өзгерте отырып, транзисторды керегінше 
үздіксіз ашып немеее жаба аламыз. Онымен салыстырғанда тиристордың тек eкi 
күйі ғана бар: толық ашық, немесе толығымен жабық. Сондықтан да оны үздікті 
электронды аспаптар қатарына жатқызу керек. 
Тиристор түрлерінің сұлбалық шартты белгілері толығымен 1.36-суретте 
беріліп отыр. Тиристорлар электродтар санына қарай eкі электродты динистор
және үш электродты тринистор болып жіктеледі. 


57 
1.36 сурет - Тиристорларды топтау 
Динистордың екі ғана электроды (анод пен катод) болғандықтан, оның 
кернеу түсірілетін кіріci мен шығысы бір болып, басқарылу мүмкіншіліктерін 
шектеп, қолдану ауқымдарын тарылтады. Тринисторда да шығыс кернеулері 
анод пен катодтан алынғанымен, оны меңгеру басқару электродының көмегімен 
атқарылып, оның пайдалану мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Басқару электроды 
арқылы тиристордың тек қосылуы орындалып, ал оның тогын тоқтату анод 
арқылы жүргізілсе, мұндай тиристор бip операциялық, немесе 
толық 
басқарылмайтын,
тіпті 
жабылмайтын тиристор
деп аталады. Токты қосу да, 
ажырату да басқару электродының көмегімен атқарылатын болса, ондай 
тиристор eкi операциялық (қосылу, ажыратылу) 
толық басқарылатын,
жабылатын тиристор
деп аталады. Толық басқарылатын тиристорды өндрісте
пайдалану ыңғайлы болғанымен, олардың көпшілігі әзірге төменгі қуатты 
болып, өндірісте қанатын кең жая алмай отыр. Әйтсе де оны жақын болашақтың 
үлкен үміт күттіретін аспабы десек қателеспейміз. 
Екі тиристорды қарама-қарсы параллель қоссақ онда айнымалы токты екі 
бағытта да өткізіп, оны реттей алатын симметриялық тиристорды, яғни 
симисторды аламыз. Шетел әдебиеттерінде оның екі электродтысы - 
диак
деп, 
үш электродтысы - 
триак
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет