Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады: Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;
Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;
Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;
Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамды жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ, әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар мен жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.
4. Экономикалық қалыпты жұмыс істеу прогрессті дамытуға қажетті саяси жағдай жасайды. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, саяси жүйені реттейді, салық саясатын жүргізеді.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сырқы бүлдіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессия ж.т.б.