Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Бірінші дүниежүзілік cоғыc және Қaзaқcтaн: өлкенің қосқан үлесін және соғыстың әкелген қиындықтарын жан-жақты көрсету



бет63/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

Бірінші дүниежүзілік cоғыc және Қaзaқcтaн: өлкенің қосқан үлесін және соғыстың әкелген қиындықтарын жан-жақты көрсету.

Бірінші Дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да орындады. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен жағдайда кірісті. Армия әскери-техникалық 3065жағынан нашар қамтамасыз етілді. Со5ыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Erіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі — жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Транссібір темір жолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмысына алу туралы жарлығы шықты. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты – ұлттық және саяси, азаттық болды. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар) және Торғайда (басшылары — Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин) оның ірі ошақтары пайда болды. Ақ патша орнатқан озбыр-әкімшілік билікті шектеу немесе оның дала демократиясына жақын түрін өмірге енгізу үшін арпалыс Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары, Амангелді бастаған көтерілістің бәрін қамтыды. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет