Патологиялық –анатомиялық өзгерістер. Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып қарағанда қарынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Тоқ ішіектің ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі бездері мен қабығына ұқсас дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді.
Тыныс мүшелері зақымданған жағдайда балапандардың басы іседі, көмейі, кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленеді, кеңірдек пен өкпе қабынады. Бүйрек пен соқыр ішектің қабынуы сирек кездеседі.
Бұрын ауруға қарсы егілген сақа құстардың өлексесін сойып қарағанда көбінесе іш пердесі мен бауырының қабынғаны көрінеді. Басқа жүйелердің мүшелерінде ісіну немесе қанталау байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |