Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет31/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дифференциалды диагнозы, Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықтау онша қиын емес. Ауырған тауықтарды мұқият қарап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны.

Ал Ньюкасл ауруы туа біткен иммунитеті әлсіз немесе кейіннен пайда болған иммунитет бар тауықтарда және бұрыннан бұл ауру шығып жүрген шаруашылықтарда кездессе, онда оны дәл анықтау біршама қиындықтар тудырады. Енесінен ауысқан иммунитет әлі таусылмаған балапандарда Ньюкасл ауруын балау өте күрделі.

Ауруды балау негізінен аертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алу, оның зардаптылығын және гемаглютинациялаушы қасиетін анықтау және құстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі.

Вирусты бөліп алу үшін өлген құстың миы мен өңешінен, кеңірдегі мен көкбауырынан кесіп алып, фосфатты буферлік ерітіндіге 1: 10 езеді де, 5 мың ӘБ пенициллин және стрептомицин араластырып, физиологиялық ерітіндіге 1:50 қосады да, әрбір сау құсқа 0,5 мл мөлшерінде блшық етке немесе тері астына жібереді. Содан соң дайындалған езінді тұнбасынан пісекпен аз ғана алып, 10-12 күндік тауық эмбрионында 48-96 сағат ішінде Ньюкасл ауруына тән өзгерістер байқалып, ұрық өлуге тиіс. Осы өлген эмбрионның алантоис қуысынан алынған сұйықта ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды.

Ажыратып балау.Аурудың жұқпалы тұмау, жұқпалы ринотрахейттен, жұқпалы бронхиттен, пастереллезден, уланудан сондай – ақ организмде витамин жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан ажырату керек.

Емі. Бұл аурудың емдеу жүйесі жасалмаған. Індетті таратып алу қаупін болдырмау үшін, ауру құстарды емдеп жатудың қажеті де жоқ.

Иммунитет. Ауырып жазылған және вакцина егілген құстардың бойында осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Құстың жасына және вакцина егудің мерзімі мен неше рет егілуіне және егу тәсілдеріне қарай құстың қанында антиденелер жинақталады. Құсқа мұндай иммунитет беру үшін В1, Ла-Сота, Бор-74, Н штамдарынан даярланған вакциналар пайдаланылады Аурудан сау шаруашылықтарда құстардың күйі жақсы болса, алғашқы рет вакцина олардың 15-20 күндік жасында, екінші рет 45-60, үшінші рет 140-150 күндік жастарында, ал одан әрі әрбір 6 ай сайын жаппай егіліп отырады.

Құстарға вакцина егуден 5 күн бұрын және егілгеннен кейін 7 күн арлығында сульфаниламинді және биологияық дәрмектерді қолданыстан алып тастайды. Вакцина егілген құстарда иммунитет 7-8 күн өткенде пайда болады да 6 ай бойы сақталады.

Алдын алу және күресу шаралары. Аурудан сау шаруашылықтарға ауырған құс, ауру жұққан жұмыртқа, сондай-ақ зарарсызданбаған жем мен құрал саймандардың ауысып кетуіне мұқият қадағалау керек. Мұндай шаруашылықтарға ет өңдеу орындарынан құс, ет немесе зарарсыздандырылмаған ыдыс пен құрал-саймандар әкелуге тиым салынады.

Ет кәсіпорындарында тірі құс, құс етін және жем таситын көліктер құс шаруашылықтарының өндірістік бөлімдеріне кірмеуі керек.

Ньюкасл ауруының алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық тазалық ережелерді ғана сақтау жеткіліксіз. Сондықтан құстарды жоспарлы түрде В1, Ла-Сота және Н вакциналарымен жүйелі түрде егіп тұрған жөн.

Вакцинамен егу ережелері мен тәсілдері шаруашылықтың өндірістік бағытына, өндірілетін құс өнімдерінің көлеміне, түрлі жұқпалы аурулардың болуына және сол сияқты басқа да көптеген себептерге байланысты жүргізіледі.

Ауырған құс тұрған тауық қораларынан індет тарамас үшін желдеткіштерді шүберекпен жауып, зарарсыздандыратын ерітідімен әлсін-әлсін дымқылдап тұрады. Ауру белгісі біліне бастағанда ондай құс қораларында жұмыс істейтін адамдардың басқа құс қораларға қатынасуына тиым салынады. Ауру шыққан қоралардағы құстарды қан шығармай өлтіреді, не өртеп жібереді. Мұндай қораның айналасындағы жолдарға тиісті ерітінділер шашылып отырады.

Бұл айтылған қағидалар қолма-қол орындалып, ауру анықталған бойда ондай шаруашылық өндірісіне уақытша тыйым салынып, нұсқауларда көрсетілген қағидаларға сәйкес жан-жақты шаралар жүргізіледі.

Уақытша тыйым шаруашылықты ауру құстардан түгел арылтып, қора

мен аула толық зарарсыздандырылғаннан кейін 30 күн өткен соң алынып тасталынады.

Құс ауруларының суреті .......

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары: Оқулық / Сабаншиев М., Шабдарбаева Г., Сүлейменов Т., Қожабаев М., Бердіқұлов М. – Шымкент Нұрлы Бейне, 2010 – 500 бет.

2.Мал аурулары: Оқулық / Қожабеков З.К., - Алматы: Қайнар, 1989 384 бет.

3. Эпизоотология микробиология негіздерімен: Оқулық / Сайдулин Т.С., Ильясов Б.К. Шымкент: Нұрдана баспасы, 2011-512 бет.

4.Вирусологиялық аурулар.Дәрістер жинағы.(қаз.,орыс тіл.), Тұтқышбай И.А. Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2019-112 бет.

5. Ауыл шаруашылық малдарының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары. Оқулық / Құрбанов С., Қаратаев Ш. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009-276 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет