Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет29/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Аурудың дамуы Ауру қоздырушы құс денесіне енген соң 20 сағат ішінде қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары мен ас қорыту ағзалары зақымданады.Осының әсерінен кілегейлі қабықтар жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байланысты болады.

Өтуі және клиникалық белгілері. Аурудың белгілері вирустың енген жолына, оның уыттылығына, құстың жасы мен күтіміне байланысты, аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-15 күн. Ауру өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді.

Балапандар вакцина егілгеннен кейін, иммунитет толық қалыптаса қоймаған алғашқы 24-38 күндік кезінде жиі ауырады. Ауырған балапан селқос тартып, тынысы тарылып, тұмсығын ашып, мойыныын созып, әлсіз шиқылдап, құсқа жат үн шығарады. Алғашқы 4-5 күн ішінде өлім-жітім көп болады, ал 8-10 күнге аяқ басқанда ауру тоқталады немесе барынша саябырлайды. Ньюкасл ауруы өзге вирустардың қабаттасуы салдарынан асқынып кетсе, балапандар арасында өлім-жітім көбеюі мүмкін.

Жүйке жүйесінің зақымданғанын көрсететін ауру белгілері (мазасызданып басын кекжитуі, мойынын ирелеңдетуі, басын біресе арқасына, біресе бауырына алып жүруі) ін детке ұшырағаннан кейін 4-8 күн өткенде байқалады. Кей жағдайда балапандар арасындағы ауру белгілері тек тыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты да бола береі. Мұндайда балапан шығыны онша көп болмайды.

Сақа тауықтардың ауруы кештеу байқалып, жұмыртқалауы кеміп кетеді. Ауру құстар самарқау тартып, ұйқышыл келеді, жемге қарамайды.

Жоғарыда қарастырылған кәдімгідей түрімен қатар аурудың кәдімгідей емес түрлері ұшырасады. Әсіресе, бұл балапандарда жиірек кездеседі. Мұндай жағдайда олардың мойындары бұратылып, аяқтары тартылады, мойындары дірілдейді. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбінесе күрке тауық балапандарында айқын аңғарылады. Сақа құстарда ауру жеңіл өтеді, кейде аурғаны мүлде білінбей қалуы да мүмкін. Ол негізінен тауық ағзасына енген вирустың уыттылығының әлсіз болуынан, иммунитеттік қорғаныс қабілетінің күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет